Меню
  Список тем
  Поиск
Полезная информация
  Краткие содержания
  Словари и энциклопедии
  Классическая литература
Заказ книг и дисков по обучению
  Учебники, словари (labirint.ru)
  Учебная литература (Читай-город.ru)
  Учебная литература (book24.ru)
  Учебная литература (Буквоед.ru)
  Технические и естественные науки (labirint.ru)
  Технические и естественные науки (Читай-город.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (labirint.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (Читай-город.ru)
  Медицина (labirint.ru)
  Медицина (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (labirint.ru)
  Иностранные языки (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (Буквоед.ru)
  Искусство. Культура (labirint.ru)
  Искусство. Культура (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (labirint.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (book24.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Буквоед.ru)
  Эзотерика и религия (labirint.ru)
  Эзотерика и религия (Читай-город.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (book24.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (Буквоед.ru)
  Для дома, увлечения (labirint.ru)
  Для дома, увлечения (Читай-город.ru)
  Для детей (labirint.ru)
  Для детей (Читай-город.ru)
  Для детей (book24.ru)
  Компакт-диски (labirint.ru)
  Художественная литература (labirint.ru)
  Художественная литература (Читай-город.ru)
  Художественная литература (Book24.ru)
  Художественная литература (Буквоед)
Реклама
Разное
  Отправить сообщение администрации сайта
  Соглашение на обработку персональных данных
Другие наши сайты
Приглашаем посетить
  Тредиаковский (trediakovskiy.lit-info.ru)

   

XX асырда аза стан Республикасы денсаулы

ғасырда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының дамуы 2002 жыл бiздiң республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Елiмiздегi денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкiл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетедi. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгiнгi күнi қиын жағдайда: бюджеттегi емдеу мекемелерi азаматтарға қолайылы, ақысыз, бiлiктi медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрiнiң мүмкiндiгi жоқ, жаңа жүйе болса әлi игерiлмеген. Бiз денсаулық сақтау саласын алға iлгерiлету үшiн ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды бiлуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезiнде ұзақ жылдар бойы сiңiрген еңбегiн ардақтауға тиiстiмiз. Қазақстанның медицинасы төңкерiске дейiнгi кезеңде өз бетiнше дамыды, тұрғындар негiзiнен халық медицинасын кеңiнен қолданды. А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негiзiнен бақсылар, сынықшылар, тәуiптер айналысқан. Бақсылар дәрi дайындай бiлген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрi – дәрмектердi пайдаланды. Бұндай дәрiлерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкiрт қышқыл магнезиi, сынап, күкiрт тотияйын, мышьяк, мүсәтiр спиртi, азот қышқылы, хинин, апиын жатады. Бақсылар асқазан – iшек сырқаттары кезiнде әртүрлi дәрiлер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезiнде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың халық емшiлерi қымызды негiзiнен түберкулездi, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек – қан тамыры және асқазан – iшек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдiстерi болған. Шәйдi терлету құралы ретiнде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен, ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адамдар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бiр адамы болса да бүкiл ауыл қонақ қабылдамаған. Жыныстық қатынас ауруларын (мерез) емдеу қарапайым, бiрақ негiзiнде дұрыс жүргiзiлген. Науқас адам терiсiне сынап жақпамайы жаққан, мышьяк, сынап iшкен, жараларды тотияйынмен күйдiрген. Халық емшiлерi терi ауруларын да емдей бiлген, ол үшiн жақпамайлар, ұнтақтар қолданған. Жақпамайды, әдетте, сынаптан, күкiрттен және қойдың майы қосылған басқа да заттардан дайындаған. Ұнтақ материалы ретiнде ұнтақталған құрғақ жидектер, күл, күйдiрiлген киiз және т. б. қолданған. XIX ғасырдың соңында Қазақстанда жұмыс iстеген А. Я. Соколов бақсылар адам анатомиясын бiлмесе де, олардың кейбiреулерi күрделi хирургиялық оталар жасаған деп көрсетедi. Олар қуықтағы тастарды алған, катарактаны сығып шығарған, сынықтарды, буынның таюын емдеген, шынтақ бүгiлетiн тұстағы терi тамырларынан қан шығару кең тараған. Кесiлген тұсқа жолжелкен жапырақтары, күйдiрiлген киiздiң немесе мақтанаң күлi басылған. Түйнеме болған терiдегi жараға ыстық сугуч құйған, кейде ойық жараны қызып тұрған темiрмен күйдiрген. Жылан шаққан уын ауызбен сорып алып, жыланның басынан даярланған дәрi басқан. Бұл дәрi мынандай жолмен жасалған: жыланның басы кептiрiледi, ұнтақталынады, сүтпен араластырылып, жараға таңылады. Тiстiң ауруын меңдуана мен май қоспасымен емдеген, кейде құрғақ меңдуана басқан. Қазақстанның халық медицинасын П. Н. Соколов осылай сипаттайды. Мұражай материалдары республиканың халық медицинасы емдеудiң мол тәжiрибесiн жинақтағанын көрсетедi. Халық емшiлерi қымызбен, шұбатпен, шөп тұнбаларымен, су – балшықпен емдеген. Тәуiптер, емшiлер, сынақшылар өз тәжiрибесiнде түрлi өсiмдiктердiң тамырларын, киiк мүйiзi және басқа құралдарды пайдаланған. Болат 1962 жылы Қазақ мемлекеттiк медицина институтын ойдағыдай аяқтап, туған өлкесi Атырауға келiп, қызметке араласқаннан кейiн көп ұзамай өзiнiң сүйiктi ұстаздарының бiрi – Татьяна николаевна Никоновадан шақыру алды. Ұстазы студент шәкiрттерiнiң iшiнде осыбiр баланаң алғырлығы, бiлiмдiлiгi мен ұқыптылығыны тәнтi болып, одан келешекте жақсы дәрiгер ғалым шығады деп iштей топшылаған да болуы кере, елiне аттанарда мекен – жайын алып қалған. Мына шақырудан соң әрi – сәрi күй кешкен баласының тәуекел етуiне әкесi Хабижан рұқсатын бере отырып, «Айналайын, бiзге алаңдама, бiлiмдiнiң соңынан ер, қарағым...», - деп оған ақ жол тiлеп, Алматыға шығарып салды. Ұстазы бүгiн қазiргi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне қарасты Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығындағы кшi ғылыми қызметкерлiк орынды оған сақтап отыр екен. Болат өз қызметiн жауапкершiлiкпен құлшына атқарады, көп iздендi, тәжiрибе жинақтап, онысын орнымен қолдана бiлдi. Аға ғылыми қызметкер, бөлiм меңгерушiсi қызметкерiне сатылап өсе бастады. Сол жерде қызметте жүрiп – ақ, тәжiрибесiн ғылыммен ұштастырып, соның егiзiнде 1968 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1981 жылы докторлығын қорғап, 1993 жылы профессорлық атқа иеболды. Болатқа атақ – дәрежеден гөрi балалардың ауруларын дұрыс анқытап, нақты ем белгiлеу бәрiнен биiк. Өйткенi, бұл қызмет ететiн кардиоревматалогия бөлiмiнiң жұмысы өзге бөлiмдерден ерекше. Балалар арасындағы жүрек – қан тамыр ауруларын анықтап алмайынша, басқа ауруларды емдеу көбiне жақсы нәтиже бере қоймайтынын талай көрдi. Жүрек ауруы өздiгiнен пайда болмайды, оның өзi организмдегi бiрнеше аурулардың қабаттасқан жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысын дәл анықтап, соған сайүйлесiмдi ем тағайындау оңай шешiле қоятын мәселе емес. Оған үлкен тәжiрибе ауадай қажет. Мұны Бөкең алғаш қызметке аарласқан тұста талай кездестiрдi. Қиналды. Бiрақ осындай тәжiрибесi мол бiлiмдi әрiптестерiнiң, ұстаздарының қасында болуы, олардың шапағаты мен қамқорлығы мұның да тез арада шебер дәрiгер болуына әжептәуiр ықпал ететiнiн бұл күндерi Болат Хабижанұлы ерекше бiр iлтипатпен, тебiренiспен есiне алады. Өзi де осындай адамгершiлiкке, ықыласқа толы қарым – қатынастысоңына ерген шәкiрттерiнiң ғана емес, балаларының да, немерелерiнiң де бойына дарытумен келедi. Қазiр Бөкеңнiң де шәкiрттерi көп. 1991 жылдан берi С. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетiнiң бала аурулары кафедрасының меңгерушiсi. Күнi бүгiнге дейiн ғылым саласына сiңiрген еңбегi қомақты Он бес ғылым кандидаты мен докторын дайындап әзiрлеу үстiнде. Республика және шетелдiк басылымдарда балалардың денсаулығын сақтауға қатысты 150 – ден астам ғылыми мақалалары, бала ауруларына қатысты қазақ тiлiнде жазылған бiрнеше оқулықтары жарық көрдi. 1987 жылы шыққан «Лекарственная аллергия у детей, больных ревматизмом» деген монографиясы Денсаулық сақтау министрлiгi тарапынан жоғары БАҒАЛАНЫП, Әл – Фараби атындағы екiншi дәрежелi сыйлықты иелендi. Болат Хабижанұлы негiзгi ғылыми жұмысы балалар ревматологиясына, кардиологясына және жалпы педиатрияға арналған. Педиатрия жөнiнен типтiк бағдарламалар жасауға да күш салды. Ғылыми, педагогикалық, дәрiгерлiк тәжiрибесi мол Болат Хабижанұлы қазiр 5 – 6 курста оқитын болашақ педиатрларға қазақ тiлiнде лекция оқиды, емдiк – тәжiрибелер сабақтар өткiзедi. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жүрек – қан тамыр патологиясы бөлiмiндегi ғылыми бағдарламаға жетекшiлiк етедi. Жастардың жан – жақты бiлiмдiлiгiне, қазiргi заманғы техникалық жабдықтары тез меңгере алатындықтарын көргенде төбесi көкке жеткендей болады, жастармен бiрге қуана бiледi, олардан жақсы мамандар шығатынына сенедi. Бұдан күш – қуат алады. Болат Хабижанұлы айтқандай, құдайға шүкiр, қазiр бiздiң медицина саласындағы қол жеткен табыстарымыз әлемдiк деңгейден кем түспейдi. Дүние жүзiне танымал ғалым – дәрiгерлерiмiз де бар. Солардың қатарында Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi, дәрiгер, Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң штаттан тыс бас бала кардиоревматологы, медицина ғылымдарының докторы, прфессор Болат Хабижанұлы Хабижанов есiмiнiң де жұлдызы жарқырауына бiр кездерi өзiне сенiм артып, болашағына жарық сәуле болған аяулы ұстаздары сықылды, бiзде тiлектестiгiмiздi бiлдiрдiк...

Қолданылғанәдебиеттертiзiмi:

қ, СитақановС. Д.//, № 10, 2002 ж

қ, ТiлегеноваҰ//, № 6, 2005 ж.