Меню
  Список тем
  Поиск
Полезная информация
  Краткие содержания
  Словари и энциклопедии
  Классическая литература
Заказ книг и дисков по обучению
  Учебники, словари (labirint.ru)
  Учебная литература (Читай-город.ru)
  Учебная литература (book24.ru)
  Учебная литература (Буквоед.ru)
  Технические и естественные науки (labirint.ru)
  Технические и естественные науки (Читай-город.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (labirint.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (Читай-город.ru)
  Медицина (labirint.ru)
  Медицина (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (labirint.ru)
  Иностранные языки (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (Буквоед.ru)
  Искусство. Культура (labirint.ru)
  Искусство. Культура (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (labirint.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (book24.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Буквоед.ru)
  Эзотерика и религия (labirint.ru)
  Эзотерика и религия (Читай-город.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (book24.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (Буквоед.ru)
  Для дома, увлечения (labirint.ru)
  Для дома, увлечения (Читай-город.ru)
  Для детей (labirint.ru)
  Для детей (Читай-город.ru)
  Для детей (book24.ru)
  Компакт-диски (labirint.ru)
  Художественная литература (labirint.ru)
  Художественная литература (Читай-город.ru)
  Художественная литература (Book24.ru)
  Художественная литература (Буквоед)
Реклама
Разное
  Отправить сообщение администрации сайта
  Соглашение на обработку персональных данных
Другие наши сайты
Приглашаем посетить
  Античная литература (antique-lit.niv.ru)

   

Басшылы стилі. Басшылы беделі

қ стилi. Басшылық беделi.

қ стилiнiң түсiнiгi және оны қалыптастыру факторлары.

үрлерi және олардың сипаттамалары.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

қ – бұл басшының мақсатқа жету бағытында және жеке мақсаттары жалпы мақсатпен ұйымдастыру жолында өзiне бағыныштыларын нақты iс-қызметтерге итермелейтiн, сезiмдерiн оятатын шараларының жиынтығын бiлдiру.

қ тәсiдерi:

өзiнiң қызметкерлерiне, бағыныштыларына ненi жасау, ненi жасамау және қандай жағдайда не iстеу керек екендiгiн көрсетедi, тапсырады.

үсiндiрiп тарату – ауыртпашылық ортасы (нүктесi) тiкелей кестеден адамдармен өз ерiктерiне, ынталарына ауады. Мұнда басшы үлкен белсендiлiк көрсетедi.

үсiндiрiп беру, ақыл айту (беру) – бұл адамдар, ұжымдар, өз ерiктерiмен жұмыс жасап, өзiн-өзi бақылай алу деңгейiне жетуi.

ғдайларда басшы юидiк жүргiзу, беруден бас тартады, сөйтiп белгiлi шешiмдердi қабылдауда, шешуде өзiнiң қызметтерiне өкiлеттiлiк берiп, оларға проблеманы (мәселенi) шешуде белгiлi дәрежедегi жауапкершiлiк жүктейдi.

қызметтiң жасалуын басқа бiреулер арқылы қамтамасыз етедi. Олардың жұмыстағы жетiстiктерi олардың нақты iс-қызметтерiмен емес, керiсiнше адамдарда сезiм, ынта жiгер көзiн оята алатын қабiлеттермен бағаланады.

ң мақсаты адамдарға олар жұмыстарды (тапсырылған) орындайтындай ықпал жасау. Бұл қызметi орындау үшiн басшыға ресми өкiлеттiк пен бiрге билiк қажет болады.

ұл басшыларға (олардың iс-қимылдарына) ықпал жасау мүмкiндiгi.

Ұжымға басшылық ету процесiнде, әлеуметтiк-экономикалықтан басқа, әлеуметтiк-псхологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлi статустары, иерархиялық құрылымдары (бiр жұмыскердiң екiншiсiне бағынуы арқылы көрiнетiн) және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтiк-психологиялық мазмұны, бiрiн-бiрi мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделiк т. б. болып саналады. Басқарудың дұрыс стилiн таңдай бiлу әлеуметтiк-психологиялық проблеманың ең өзектiсi. Басқармадағы жұмыскерлердiң шынайы мәдениетiне неғұрлым толық, әрi түбегейлi баға басшы жұмысының стилi бойынша жүзеге асады.

қару қызметiндегi әрбiр басшы тек өзiне ғана тән стильде қызмет мiндетiн орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның iшiнде басқару қызметiн жүзеге асыруда стильге ерекше мән берiледi. Честерфольд «стиль-ой дүниесi» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзi» деп тұжырымдайды.

ұл нақыл сөздердiң дұрыстығын қазiргi жұмыс стилiнiң түсiнiгi де дәлелдей түседi. Қазiргi кезде стильдi басшының басқару қызметiн тиiмдi орындау мақсатында өзiнiң қарамағындағыларға ықпал етуi бойынша бағалайды. Сонымен, басшылық стилiнiң мәнi сол, басшы қандай әдiстермен ұжымның қарқынды және творчестволықпен өзiне бекiтiлген жұмысты орындауына ықпал ете алатындығында, қарамағындағылардың iс-әрекетi нәтижесiн қалай бақылайтындығында. Қабылданған стиль ұжымда ерекше жағдай мен қарым-қатынас туғызады.

қ стилi тұрақтылығымен, амалдарды жиi-жиi қайталамауымен ерекшелендi. Бiрақ мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткенi көптеген мамандардың бағалауынша стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық – бұл ырғақтылық» және де «басшылық ете бiлу – бұл басшылық стилiн өзгерте бiлу».

ұмысының стилi – оның басқару процесiнде пайдаланатын тәсiлдердiң, амалдардың iс-әрекеттерiнiң жиынтығы. Басшының стилi – бұл шешiм қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдiсi.

қ стилi басқару тәсiлiмен белгiлi бiр ара қатынаста және өзара әрекетте болады. Алайда олар бiрдей ұғымда емес.

қару тәсiлi – басқару iсiн жүзеге асырудың жиынтық әдiстерi, амалдары, жұмыскерлер мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметiн орындау процесiнде олардың iс-әрекеттерiн үйлестiрудi қамьамасыз ету.

ұл ұғымның ең әдiл, дұрыс мағынасы мынандай: «Тәсiл мен стильдi музыка шығармаларын орындау нотасымен және мәнерiмен салыстыруға болады: нота барлығына бiрдей, алайда әрбiр орындаушы шығарманы өзiнше бейнелейдi».

ң дербес және жалпы стилi болады. Әрбiр басшының дербес стилi бар, мұның өзi оның iс-әрекетiнде көрiнiп, басқару аппаратының және бүкiл ұжымның жұмысына елеулi ықпал етедi.

қты құбылыс – оны түгелдей, егжей-тегжейлi қайталауға болмайды. Басшының дербес стилi алуан түрлi объективтiк факторлардың ықпалымен қалыптасады:

әрекет сипаты;

ғыныштылар арасындағы өзара байланыс;

қ қасиетi;

әртiбiнiң жағдайы т. б.

ғыныштының өзара қарым-қатынас жасауы, ұжымның ықпал ету нәтижесiнде басшы стилi үнемi жетiлдiрiлiп отырады.

ң қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделi, мақсаттыв процесс. Әрбiр басшы өзiнде және өзiнiң қарамағындағыларға алуан сипатта тексерiлген тәсiлдер мен амалдарды қолдана бiлуi тиiс.

үрлерi және олардың ситаттамалары.

ң дербестiгi iстеген iсiне қарай емес, қалай iстейтiндiгiне де орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны анықтауға болады: басшы бiр мәселенiң өзiн алуан түрлi тәсiлмен, өзiнше шешедi.

әлеуметтiк құбылыс, өйткенi, бiрiншiден, онда басшының көзқарасы мен сенiмi бейнеленедi, екiншiден, ол түптеп келгенде, жүйенiң қалыпты жұмыс iстеуiнiң ақырғы нәтижесiн ойластырады. Басшы ұстанған стилi оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзiнше бағалап, өзiнше қабылдайды. Әдетте, басшы стилi бүкiл жүйеге таралады, өйткенi, жұртшылық оның жүрiс-тұрысына, iсiне зер салады, соған елiктейдi, содан үлгi өнеге алуға, үйренуге талаптанады.

ға ұжымның барлық мүшелерiн қанағаттандыратын жұмыс стилiн қалыптастыру оңайға түспейдi. Бағыныштыларына ықпал етудiң кейбiр амалдары алуан түрлi бағалануы мүмкiн. Егер бiр басшы оларға сенiм көрсету арқылы ықпал ететiн болса, екiншiсi «тиiстiсiң», «мiндеттiсiң» секiлдi қағиданы басшылыққа алады. Кейбiр басшылар бағыныштыларына қатаң тәртiп орнатып, оларды өзiнен «аулақ ұстайды» да, ұсақ-түйек мәселеге дейiн өзi шешедi. Ендi бiр бсшылардың есiгi әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пiкiрлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бiр директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екiншi бiреуiмұны қажет санамайды.

қару стилiнiң типi түбелiктi қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет елдiк әдебиетерде оның өзi түрлiше жiктеледi.

әселен, Х. Кох (Германия) басшы стилiн былайша бөледi:

қты автократтық стиль.

қолдана отырып басқару стилi;

Өндiрiс процесiне немесе тұтастай жұмыс процесiне бiркелкi қатыса отырып басқару стилi;

ғы басқару стилi;

ғыныштылар негiзiнен дербес, жоғары басшылардың тiкелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететiн басқару стилi.

қ және парламентаралық стильдер қолайсыз деп саналады, өйткенi алғашқысында бағыныштылар тарапынан ешқандай дербестiк болмайды, ал екiншiсiнде жұмыс жоспарсыз жүргiзiлiп, бағыныштылар мүлде дербес әрекет етедi.

ң қолайлысы кооперативтiк стиль – «жақсы ынтымақтастық», «ұйымдасып әрекет ету», қиын-қыстау жағдайда өзара бiрлесе, ынтымақтаса отырып күш бiрiктiру. Басшы жұмыскерлердi мұқият тыңдайды, олардың ұсыныс пiкiрлерiн ескередi, нақты мiндеттер қойып, шешiмдi жоспарлайды және қабылдайды. Мұндай стильде қойылған мiндеттер iскерлiкпен орындалады, өйткенi дәл осындай жағдайда қызметкерлер өзiн iске қатыстымын деп есептейдi.

ҚШ-та мынандай стильдер белгiлi (басқару жүйесi деп аталады):

Қызметтi беру стилi;

өлiсiп басқару;

әсiлiмен басқару;

үйенi ретке келтiру арқылы басқару.

Қызметтi беру стилi» әрбiр қызметкерге, өзi басқара алатын нақты iстi тапсыруды көздейдi. Бұл қызметкер өзiне бекiтiлген iске толық жауап бередi, ал оның бастығы басқару жауапкершiлiгiн саналы түрде шектейдi.

өлiсiн басқару жүйесiнде» басшы мен бағыныштылар аодағы мiндеттердi бiрлесiп қарастырады да, әрбiр адамның мiндет аясы белгiленiп, нәтижесiне орай жауапкершiлiгi айқындалады.

әсiлмен басқару» басшының мiндетi өз қызметкерлерiнiң мүмкiндiктi тиiмдi пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады. Төменгi лауазымдағы қызметкерлер белгiленген еңбек нормасына және жұмыс нәтижесiн бағалау межелеуiштерiне сәйкес көмек қажеттiгiн хабарлайды, ал көмек қажет бола қалса, қай уақытта екендiгiн мәлiмдейдi.

үйенi ретке келтiру арқылы басқару» белгiленген тәртiптi қатаң басшылыққа алу, жұмыс процестерi мен еңбек тәсiлдерiнiң шаруашылық-экономикалық ықзметiн жеңiлдету көзделедi.

қару стилiнiң жiктелуi алуан түрлi екендiгiн аңғарамыз, оның үстiне осы жiктеулердiң қай-қайсысы болмасын басқарудың сан қырлы стилiн толық қамтымайды. Бiзде басқару стилiнiң ондаған түрi бар.

әдетте, басшы мен бағынышты аралығындағы қарым-қатынас сипаты алынады. Басшының жеке-дара ерекшелiктерiне, оның саяси, ұйымдық, педагогикалық, моралдық-этикалық, кәсiптiк сапалары жатады. Басшының стиль ерекшелiктерi осы аталған компоненттердiң (құрылым тармақтарының) қайсысы басым болатындығына байланысты. Практикада (күнделiктi өмiрде) басқару стилiнiң үш түрi жиi кездеседi: авторитарлық немесе автократиялық, демократиялық және либералдық.

қ стиль: мұндай жұмыс стилiнде басшы ерекше белсендiлiк танытпайды, iс-әрекетiнде кездейсоқтық басым, жүйелiлiк болмайды. Мұндай типтегi басшылар принципсiз мәселелерiнiң өзiнде, өзiнен жоғары қызметтегiлерге қарайлайды.

ұндай стильдегi басшы тәртiп бұзушыға қатаң талап қоймайды, қарамағындағылардың бiлiмiнiң төмендiгiне, жұмысты орындауына және еңбек тәртiбiне онша мән бермейдi.

әселелердi немқұрайлы талқылайды, ашық пiкiрлесуге, сын-ескертпелерге бара бермейдi. Мұндай басшы кез келген келiспеушiлiктi жағымсыз құбылыс ретiнде қабылдайды. Ұжымда мұндай басшының беделi онша болмайды, әрi кәсiпорында тиiмдi жұмыс iстей алмайды. Соның салдарынан жауапсыздық, берекесiздiк, тәртiптiң бетiмен кетушiлiгi орын алады.

қ стилдiң негiзi макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо Макиавеллидiң құрметiне қойылған. 1532 жылы ол «Принц» кiтабында билеушiге ақырғы нәтижеге жету үшiн амал таңдаудың қажетi жоқ, өйткенi «мақсат тәсiлдi өтейдi» деген идея ұсынады.

қ стильде (Батыста мұны тиiмсiз деп есептейдi және де мүлде дерлiк кездеспейдi) шешiмдi бiр адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрiнде келедi. («менiң айтқаным бойынша iсте»). Бұйрық талқыланбайды, күдiктенуге хақын жоқ.

ғыныштыларының iс-әрекетiн өз жауапкершiлiгiне алады. Тек қажеттi мәлiметтер жөнiнде ғана пiкiр алысып, өз жоспары туралы әңгiме қозғамайды. Мәлiметтi тым көп жинайтындықтан жұмыс басты болады.

ұйрығы, үнемi жұмысты ойлайтын адам сияқты көрiнедi, олардың жүзiнде «жұмыс бастылық, iске үлкен жауапкершiлiк» сезiледi. Д. Браунның сипаттауынша, «... автократ, ескiрген жылу жүйесi секiлдi, қоршаған орта климатына, дәл мағынасында эмоционалдық климатқа көңiл бөлмейдi».

әжiлiстi көбiнесе бағыныштыларына нұсқау беру түрiнде өткiзедi. Өзiнiң қарамағындағыларды жиi-жиi қатты сынайды. Ол ұжымдағы кез келген бейресми топтарды қатаң айыптайды. Мұндай стиль тиiмсiз, творчестволық белсендiлiк туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль өмiршең келедi. Оның өзi басшының жеке басының сапасына немесе ол басқарып отырған ұжымның құрылымына байланысты болады. Егер басшы өз iсiн жетiк бiлмесе, әрi кәсiби бiлiм дәрежесi өзi басқарып отырған адамдардан төмен болса, онда ол авторитарлық стильдi пайдалануға мәжбүр болады. Алайда автократтардың барлығы бiрдей бiлiксiз, бiлiмсiз емес. Кейде ұжымға кәсiби бiлiмi өте төмен адамдар жинақталады. Мұндай жағдайда тәжiрибелi басшылардың өзi де авторитарлық стиль элементерiн қолдануына тура келедi.

қ стильдiң алдуан түрлi нышаны болады:

қ: барлық «жанұя мүшелерi» басшыға бағынуы тиiс, ал басшы бағыныштыларын әлi жетiлмеген деп есептейдi;

қ (харизм – Құдай шапағаты): Лидердi ең көрнектi, дана деп есептейдi, ал оның өзi бағыныштыларына өте қатал, аяусыз, әрi оларға қамқорлық жасауды қажет деп санамайды;

қ: жеке адамдардан гөрi институтқа (мемлекетке, кәсiпорынға) тән. Басшылық аппараттағы бағынышты инстанциялар арқылы жүзеге асырып жанама түрде автократтық шешiмдi жүзеге асырады;

қ (төрешiлдiк) – бұл туралы төменде толығырақ баяндалады.

қ стильде (Батыста кооперативтiк стиль деп аталады) мәселенiң көпшiлiгi ұжымда талқыланып, сонда шешiледi, бұйрықтар осындай талқылаудан кейiн берiледi. Проблеманың көпшiлiгi ұжымда шешiлiп, содан кейiн бекiтiледi (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмiр мәселелерi, жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару т. б.).

ұмыс барысында басшының беделi қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бiрге нақты бiлiммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсiнiкпен келедi.

ұл белгiлi әлеуметтiк роль, онымен қоршағандарының белгiлi үмiттенулерi байланысты.

ң шарттары:

қ пен прогрессивтiктiң және оларды өндiрiске енгiзу ынтасыныңғ болуы.

ұмыскерлiк, дербестiк және қайсарлық.

Әдiлдiк және принциптiк

ған жұмысқа жауапкершiлiгi

ға деген әдiлдiктi және талапты үйлестiру.

қ, шыдамдылық, өзiн-өзi сынауы.

әдениеттiлiк пен дұрыс басқару стилiн меңгеру.

ға сену, сенiм арту.

үмкiн, сонымен бiрге өтiрiк те болуы мүмкiн.

Өтiрiк беделдiң қалыптасу жолдары:

ғайыншылық (тумалық, жерлестiк) бедел. Мұндай бедел ұжымда «өзiмiздiкi» болуға, сенiмге енуге ұмтылыс нәтижесiнде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды.

Әкiмшiлiк бедел (коммуналдық бедел) – ол басшының жеке сапалық ерекшелiктерiне негiзделген және құр әкiмшiлiк стильдi бiлдiредi.

өзiн жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесi.

Қорқыту беделi – сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру.

қорғану беделi - өзiнiң кәсiптiк, мамандық деңгейiнiң нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қашу, әр уақытта өзiнiң қимылдарын алдын-ала қорғау, барлығын жоғары басшылыққа аудару.

ұмысының стилi – оның басқару процесiнде қолданатын сипаттық әдiс, тәсiл, амалдар жиынтығын бiлдiредi.

қару әдiстерiмен белгiлi бiр қатынаста және байланыста болады. Басшы стилi – бұл шешiм қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдiсi.

ұл ұғымның ең әдiл, дұрыс мағынасы мынандай: «Тәсiл мен стильдi салыстыруға болады». Нота барлығына бiрдей, алайда әрбiр орындаушы шығарманы өзiнше бейнелейдi.

ң дербес стилi алуан түрлi объективтi факторлардың ықпалымен қалыптасады.

өмендегiдей факторлар ықпалымен қалыптасады:

Өндiрiстiк қимыл-қызмет сипаты және өндңрңстегi экономикалық жағдай.

ғынышты арасындағы өзара қарым-қатынас.

қ қасиеттерi

қару тәртiбiнiң жағдайы

Ұжымның демократиялық және әлеуметтiк-психологиялық ерекшелiктерi (жыныс-жас құрамы ұжымның, мамандық және атқарушы, т. б.)

үнемi жетiлдiрiлiп отырылуы тиiс. Стильдiң қалыптаспауы – бұл ұзаққа созылатын, күрделi мақсатты процесс.

Қорытынды

қару стилiнiң типi қалыптаспаған, сондықтан да шетелдiк және отандық әдебиеттерде оның өзi түрлiше жiктеледi.

ң он шақты түрлерi кездеседi. Практикада (күнделiктi өмiрде) басқару стилiнiң үш түрi жиi кездеседi: авторитарлық немесе автократиялық, демократиялық және либералдық.

ң ролiн асыра пайдаланумен байланысты. Билiктiң ортақтандырылуымен (приверженностью к единоначалию) сипатталады. Жетекшiлiктiң бұл стилiнде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтiн асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшiлiк түсiнiк беру әдiстерi, пайымдаумен емес, күштеу әдiстерiмен iске асырылады.

Өкiнiшке қарай, қазiргi заманғы жас басшылардың көпшiлiгi осылай ойлайды және ситльдi таңдайды. Бұл стиль үлкен бiлiктiлi қызметкерлер ұжымында төмен нәтиже бередi.

қ стиль басшының өзiне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшiн жауапкершiлiктi талап етпейдi, жұмысын бетiмен жiберген, өзiне жауапкершiлiк арқалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулiк деп аталады. Демократиялық стиль ұжымдағы серiктестiк қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негiзгi қызмет бағыттары бойыеша шешiмдердi талқылауға және дайындауға тартумен, құқықтар мен мiндеттердi өзара бөлiсумен, қабылданған шешiмдердi орындаған кездегi бағыныштылардың дербестiгi мен бастамашылдығын дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.

ң стилiмен жұмысты жеңiлдетуге болады. Жақсы басшы – жақсы психолог. Огайо және Мичигана университеттерiнде (АҚШ) жүргiзiлген зерттеулер басшылық стилiн анықтаудың матрицалық зерттеулер басшылық стилiн анықтаудың матрицалық әдiсiн жасауға әкелдi.

Әдебиеттер тiзiмi

Қ. Менджмент негiздерi: Оқулық / Жакенова Б.Қ., Тәмпiшева Қ. Б., Мақсатова Л. М.– Астана: фолиант, 2007. - 260 бет.

қу құралы / Рахымбаев А:Б:, Сабатаева Б. О., Белгiбаев А.Қ. -Алматы: заң әдебиетi, 2006. -149 бет.

ұлы С. Маркетинг және менеджмент негiздерi: оқулық / С. Сатыбалдыұлы, Б. Байтанбаева. –Астана: фолиант, 2007. – 319 бет.

Ғ. Ахметов., Е. Н. Сағындықов., Ү. С. Байжомартов т. б. -Ақтөбе: А-Полиграфия, 2005. – 519 бет.