Меню
  Список тем
  Поиск
Полезная информация
  Краткие содержания
  Словари и энциклопедии
  Классическая литература
Заказ книг и дисков по обучению
  Учебники, словари (labirint.ru)
  Учебная литература (Читай-город.ru)
  Учебная литература (book24.ru)
  Учебная литература (Буквоед.ru)
  Технические и естественные науки (labirint.ru)
  Технические и естественные науки (Читай-город.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (labirint.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (Читай-город.ru)
  Медицина (labirint.ru)
  Медицина (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (labirint.ru)
  Иностранные языки (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (Буквоед.ru)
  Искусство. Культура (labirint.ru)
  Искусство. Культура (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (labirint.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (book24.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Буквоед.ru)
  Эзотерика и религия (labirint.ru)
  Эзотерика и религия (Читай-город.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (book24.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (Буквоед.ru)
  Для дома, увлечения (labirint.ru)
  Для дома, увлечения (Читай-город.ru)
  Для детей (labirint.ru)
  Для детей (Читай-город.ru)
  Для детей (book24.ru)
  Компакт-диски (labirint.ru)
  Художественная литература (labirint.ru)
  Художественная литература (Читай-город.ru)
  Художественная литература (Book24.ru)
  Художественная литература (Буквоед)
Реклама
Разное
  Отправить сообщение администрации сайта
  Соглашение на обработку персональных данных
Другие наши сайты
Приглашаем посетить
  Средние века (svr-lit.ru)

   

Абай нанбаев 1845-1904

Құнанбаев.

Құнанбаев (Ибраһим) 1845 жылы 10 тамызда бұрынғы Семей уезi,Шыңғыс болысында дүниеге келген. Абай Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелiнiң бiрiнен туған.Әкесi Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бiрi болған. Патша өкiметi XIX ғасырдың ортасындағы бiр сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекiткен. Шешесi Ұлжан орта жүздiң Арғын тайпасынан Қаракесек руынан шешендiкпен, тапқырлық, әзiл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимдi анасы Ұлжан еркелетiп атаған. Содан берi бұл есiммен Абай тарихқа ендi. Осындай тектi ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бiрi Абай жастайынан-ақ ерекше қабiлетiмен, ақылдылығымен көзге түседi. Балаға сыншы әкесi осы баласынан үмiт күтедi.

әуелi ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесi он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесiне оқуға бередi. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами,Сағди,Қожа Хафиз,Навои,Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетiмен оқып,ертегi,дастан,қисса сияқты әдеби мұралармен танысады.Қаладағы медреседе үш жыл дiни оқу арқылы Абай араб,парсы,шағатай тiлдерiн жетiк бiлiп алды. Қазақтық халықтық өлең-жырларын,ертегi,қисса,аңыз-әңгiмелерiн әжесi Зере бәйбiшеден халық ақындары Шөже,Бәйкөкше,Балталардан естiп,жастай жадына сақтады.Әкесi Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейiн, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару iсiне баули бастайды. Әкесiнiң төңiрегiнде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерiмен жете танысады. Өзi билер үлгiсiнде шешен сөйлеуге төселедi. Ұтымды сөзiмен, әдiл билiгiмен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпiсiншi жылдардың бас кезiнде Қоңыр Көкше дейтiн елге болыс болады. Билiкке араласып, бiраз тәжiрибе жинақтағаннан кейiн ол халық тұрмысындағы көлеңкелi жақтарға сәуле түсiруге күш салып бағады. Бiрақ онысынан пәлендей көңiл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан iстерiн көркем сөзбен, әсiресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетiмен танысуы көп ықпал етедi.

ғылармен әзiл-қалжың түрiндегi сөз қағыстыруларда оның тiлiнде тақпақ, ұйқасты оралымдар ұшыраса бастайды. Қазақ салтында бар бiрер ауыз өлеңмен сөзге тарту, бiреудiң кемшiлiгiн өлең қылу сияқты қылықтар да кездесiп қалып отырады. Бiрақ, бұл оның ақындық жолға талпынысы емес едi. Өйткенi, Құнанбай сияқты кiсiлер тұқымына ақын-әншiлiктi кәсiп қылу мiн саналған. Тiлдi, тапқыр Құнанбайдың өзi де, оның әжелерi мен аталары да бiрер ауыз өлең шығара беретiн болған. Ондай өлең сөздерiнiң ел есiнде сақталып, бiздiң заманға жеткендерi де жоқ емес. Бiрақ олардың ешқайсысы да онысын ақындық санамаған. Әйтсе де кiшкентай Абайдың үлкендерге елiктеп әзiл-оспақ ретiнде шығарған шумақтарынан туа дарыған ақындық танылғандай. Болашақ данышпан ақынның 10 жасында шығарған сондай бiр шумақ өлеңi сақталған. Оның шығармаларының толық жинақтары, әдетте, сол өлеңмен басталады.

әжiк әдебиетiнiң кемеңгерi Фирдоусидiң,әзербайжан ақындары Низами мен Физулидiң,парсы ақындары Сағди мен Шәмсидiң, түрiк ақыны Сейхалидiң,өзбек классигi Навоидың көптеген шығармаларын,оның iшiнде «Шаһнама»,«Ескендiр-нама», «Ләйлi-Мәжнүн», «Фархат-Шырын» және арабтың «Мың бiр түн» сияқты тамаша туындыларын сүйiп оқып,сол арқылы Шығыс елдерiнiң тұрмыс-тiршiлiгiмен, салт-дәстүрiмен,әдет-ғұрпымен танысты. Олардың кейбiреулерiн өз шығармасының сюжетiне арқау еттi. Мысалы, Абай шығыс халқының «Масғұт» атты ертегiсiн өз поэмасының мазмұнына желi етедi.

ң төрт мезгiлiн арнайы тақырып етiп,тамаша өлеңдер жазды.

ң жылдың төрт мезгiлi жайлы өлеңдерi 1886-1890 жылдар арасында орыс, батыс классиктерiн еркiн оқып меңгергеннен кейiн туған.

ң «Қыс» деген өлеңi бүкiл елге танымал.

ң аяғында Абай өзiнiң бiлiмiнiң таяздығын сезiнiп, Семей қаласындағы Гоголь кiтапханасына келiп, Орыс, батыс классиктерiнiң шығармаларын өз бетiнше iзденiп оқи бастайды. Осы кiтапханада Л. Н. Толстойдың шығармаларын оқып отырған Абай Петербург университетi студенттерiнiң саяси ереуiлiне қатысқаны үшiн жер ауып келген жаратылыстанушы ғалым Е. П. Михаэлиспен кездесiп,танысады,кейiн олар айырылмас дос болып кетедi.

Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңiн жазды. Бұл өлеңiнде бiлiм,ғылымның адамға пайдасы туралы айта келiп,әрбiр жiгерлi жастың талпынатын арманы ғылым болуы керектiгiн түсiндiредi.

ң,орыс шенеунiктердiң еңбекшi халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын,әдiлетсiздiгiн көрiп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мiнеп-сынап бiрнеше өлеңдер шығарды. Мысалы,«Қараша,желтоқсан мен сол бiр,екi ай» деген өлеңiнде бай мен кедейдiң қарама-қарсы өмiрiн салыстыра суреттейдi.

ң атақты «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударды.

ғармаларын аудару, оны танып бағалай бiлу – Абай ұлылығының бiр жарқын көрiнiсi. «Евгений Онегин» Абай көңiлiне тiптi жақын келдi.

ғасырдың 90-жылдары өзiнiң ой толғаныстарын қара сөздермен жазған.Өз шығармасын қара сөзбен жазудың публицистикалық түрiнiң негiзiн қалаушы Шоқан болса,көркем қара сөз қазақтың көркем жазба әдебиетi тарихында Ы. Алтынсариннен басталады.

ңбектiң адам баласының игiлiгi үшiн аса қажеттi iс-әрекет екенiн айта келiп,оны жоғары адамгершiлiк қасиетпен байланыстыра қатыстырады. Мәселен,ол:«Өзiң үшiн еңбек қылсаң,өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Адамгершiлiктiң қарызы үшiн еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бiрi боласың»,«Әкесiнiң баласы-адамның дұшпаны,адамның баласы бауырың»,-деп бүкiл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тигiзу сияқты ұлы гуманистiк қасиеттердi дәрiптейдi. Абайдың қара сөздерiндегi еңбек, ғылым,адамгершiлiк,әдiлдiк,т. б. туралы озат ой-пiкiрлер оның ағартушылық, демократиялық көзқарасын айқындай түседi. Абай Құнанбаевтiң:

қа не керек:

үймек,сезбек,кейiмек.

қылмақ,жүгiрмек,

қылмен ойлап сөйлемек.

ң адамшылығы–ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан басталады.

қыл,ғылым,ар,мiнез деген нәрселермен озады.

қойған соң,

Қайтiп надан болайын,ұлы сөздерi бар.

ң қара сөздерi – көркем әңгiме емес,даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қара сөздердi жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерiн дiни сопылық-теологиялық ғылымды да, жаратылыс заңдарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерiнде, ертедегi философ ғалымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларында, Шығыстың ойшылдары – Фирдоуси, Шамси, Бабыр, т. б. еңбектерiнде оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кiрiскен. Ол қара сөздердегi келтiрiлген терминдiк атаулар мен сiлтемелерден немесе ой-пiкiр үндестiгiнен байқалады.

ң қара сөздерiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар. Сөйлемдерi қысқа, мағынасы терең, оқушыға ой саларлық, ғибрат берудi көздей құрылған. Көпшiлiк қара сөздерiнде философиялық сұрау берiп, сол сұрауға өзi жауап беруге тырысады. Немесе өзiмен-өзi кеңесу, ой-пiкiр бiлдiру үлгiсiнде құрылады. Бұл – Батыс, орыс ойшылдарының көп қолданған әдiсi. Ғылым, көркемөнер, этика мәселелерi туралы өз көзқарастарын бiлдiруде олар осы әдiстi кеңiнен пайдаланған. Абай өлең шығаруды бала кезiнде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейiн ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерiнiң халық санасына тигiзер ықпалын түсiнедi. Шығармалары үш жүйемен өрбидi: бiрi — өз жанынан шығарған төл өлеңдерi; екiншiсi — қара сөз) деп аталатын прозасы; үшiншiсi — өзге тiлдерден, әсiресе орысшадан аударған өлеңдерi. Абай туындыларындағы басты орын алып отырған мәселе – еңбек тәрбиесi. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына кәмiл сенедi, ал еңбекпен, саналы оймен, ақылмен iстелген iстiң ғана нәтижесi болады деп санайды. Осыған орай ақыл мен еңбектiң мәнiне ерекше тоқталып, оларды адамның жеке басының (дара тұлғаның) басты құдiретi деп түсiнедi. Сондықтан:

қпен асқан патшадан

қан қара артық,

қалын сатқан кәрiден

ңбегiн сатқан бала артық, - деп түйiндейдi.

өлеңдерi түгел дерлiк лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерiнде табиғат бейнесiн, адамдар портретiн жасауға , iшкi-сыртқы қылық-қасиеттерiн , мiнез-бiтiмдерiн айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңiнен де қазақ жерiнiң, қазақтың ұлттық сипатының ерекшелiктерi көрiнiп тұрады. Ислам дiнi тараған Шығыс елдерiнiң әдебиетiмен жақсы танысу арқылы өзiнiң шеберлiк — шалымын одан әрi шыңдайды. Шығыстың екi хикаясын «Масғұт» және «Ескендiр» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дiнiне өзiнше сенген дiни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткiзедi. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екiншi жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пiкiрiнiң алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерiсшiл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуiрiнiң алдыңғы қатарлы ой-пiкiрiн қорытып, басқаларға қазақ өмiрiндегi аса маңызды мәселелердi түсiндiруге қолданады. Дүниетану өңiрiнде екi қасиеттiң — сезiм мен қыйсынның , түйсiк пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңiз, Бiр iске кез келсеңiз» деп жазады.

өзiнiң қара сөздерiн жазудағы мақсатын былайша баяндайды. «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселердi қағазға жаза берейiн, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кiмде-кiм iшiнен керектi сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегi жоқ десе, өз сөзiм өзiмдiкi дедiм де, ақыры, осыған бел байладым. Ендi мұнан басқа ешбiр жұмысым жоқ». Бұл ел қамын ойлаған ұлы ойшыл-ғалымның өмiр, қоғам, тiршiлiк, адамдар арасындағы қарым-қатынас жөнiндегi көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы едi.

Қара сөздердiң жалпы саны – қырық алты. Олардың әрқайсысы әлеуметтiк өмiрдегi белгiлi бiр мәселенi сөз етiп, ой-пiкiр бiлдiредi.

ң көптеген өлеңдерiндегi сияқты қара сөздерiнде де нақыл, мақал-мәтелге айналып кеткен айшықты сөз тiркестерi жиi кездеседi.

әселен, «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», «Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол», «Қайратсыз ашу-тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкiртсiз ғалым-тұл».

ңбектеп жылан да шығады, екпiндеп ұшып қыран да шығады», «Азат басың – болсын құл, қолдан келмес iске ұмтыл», т. б.

ғат бейнесiне адамның көңiл-күйiн, психологиясын жанастырып, жанды фигуралық бейне ретiнде беруде асқан шеберлiк танытқан ақын. Мысалы, «Желсiз түнде жарық ай» деген өлеңiнде ай сәулесiнiң су бетiнде дiрiлдеуiн, тасыған өзеннiң гүрiлдеуiн, ағаш жапырақтарының сыбдырлауын жанды бейненiң қимыл әрекетiндей көзге елестетедi.

ғармаларында бiр затты екiншi затқа қарама-қарсы қойып, шендестiру арқылы сипаттау тәсiлi де шебер қолданылады.

Қара сөздер» Абайдың соңғы туындылары қатарына жатады. Себебi 1900-1904 жылдары арасында жүрек ауруының асқынуы салдарына ұлы ойшыл өндiрiп көп еңбек жаза алмаған. Сөйтiп, ол 1904 жылы 23 маусымда 59 жасында дүниеден қайтты.

Ғалымның хаты өлмейдi, демекшi Абай атамыз артында өшпес iз қалдырып, жарқ еткен жұлдыздай ағып кеттi.

.