Меню
  Список тем
  Поиск
Полезная информация
  Краткие содержания
  Словари и энциклопедии
  Классическая литература
Заказ книг и дисков по обучению
  Учебники, словари (labirint.ru)
  Учебная литература (Читай-город.ru)
  Учебная литература (book24.ru)
  Учебная литература (Буквоед.ru)
  Технические и естественные науки (labirint.ru)
  Технические и естественные науки (Читай-город.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (labirint.ru)
  Общественные и гуманитарные науки (Читай-город.ru)
  Медицина (labirint.ru)
  Медицина (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (labirint.ru)
  Иностранные языки (Читай-город.ru)
  Иностранные языки (Буквоед.ru)
  Искусство. Культура (labirint.ru)
  Искусство. Культура (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (labirint.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Читай-город.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (book24.ru)
  Экономика. Бизнес. Право (Буквоед.ru)
  Эзотерика и религия (labirint.ru)
  Эзотерика и религия (Читай-город.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (book24.ru)
  Наука, увлечения, домоводство (Буквоед.ru)
  Для дома, увлечения (labirint.ru)
  Для дома, увлечения (Читай-город.ru)
  Для детей (labirint.ru)
  Для детей (Читай-город.ru)
  Для детей (book24.ru)
  Компакт-диски (labirint.ru)
  Художественная литература (labirint.ru)
  Художественная литература (Читай-город.ru)
  Художественная литература (Book24.ru)
  Художественная литература (Буквоед)
Реклама
Разное
  Отправить сообщение администрации сайта
  Соглашение на обработку персональных данных
Другие наши сайты
Приглашаем посетить
  Культура (niv.ru)

   

Государственные внебюджетные фонды Казахстана

Категория: Финансы

өлiм

1. 1.ға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 11

1. 2.ға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру.................................................... 17

өлiм

2. 1.ға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесiн дамыту.................................................................................................... 27

2. 2.ға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезiмдерiн қалыптастыру жолдары................................. 31

2. 3.әжiрибелiк жұмыс........................................................................................ 40

Қорытынды

ған әдебиет

ұмыстың өзектiлiгi:өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiптi айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көрiнiстерi жас нәрестенi де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектiң туған табиғат әлемiнiн саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсiнуiне ерте заманнын өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер зер сала көңiл бөлген.

ғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат – бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi.

ғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.

ұмыстың мақсаты:ға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру.

ұмыстың болжамы:ғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнiсiн ұғындыру арқылы жас жеткiншектердi жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейiнiн, ойын, тiлiн дамытуға болады.

ұмыстың объектiсi:ң тәрбие үрдiсi.

ұмыстың мiндетi:ұмыстың теориялық негiзi ретiнде мектеп жасына дейiнгi балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру.

ұмыстың практикалық мәнi: Осы мектепке дейiнгi оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менiң тәрбиешi ретiндегi жұмысыма зор көмегi бар

ғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнiсiн ұғындыру арқылы жас жеткiншектердi жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейiнiн, ойын, тiлiн дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екiншi ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектерi ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергi ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тiлдiң дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрi ұрпақ тәрбиесi дейтiн ұлы мұратты жүзеге асыруда бiзге жол сiлтейдi, демейдi.

ға табиғат жайында ұғым беру мәселесiн нақтылай сөз етсек, бiзде бұл мәселе әлi де болса түбегейлi зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенiн мойындауымызға тура келедi.

ғалымдардың бiлiм беру, тәрбиелеу мәселелерiне арналған еңбектерiнде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдiсiндегi орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдiрет көзi деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазiргi педагогика саласында мектеп жасына дейiнгi балалар мен бастауыш класс оқушыларына елiмiздiң ғажайып табиғаты арқылы тәлiм - тәрбие беру мәселелерiмен педагог тәлiмгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрмендi шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тiрi табиғат жайында ұғым беру мәселесiне арналған ғылыми еңбегi осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы iзденушiлер, аспиранттар үшiн сындарлы дүние. Өйткенi бұл еңбек республика көлемiнде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсiнiк беру мақсатын дiттеген, жергiлiктi табиғат ерекшелiгiне сай ана тiлiнде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлiмгердiң алты жасар және төменгi класс балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесi» және басқа еңбектерiнде сәбидi айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзiн қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелерi жүйелi қарастырылады. Әдiскердiң ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлi әдiс - тәсiлдердi, әсiресе көрнекiлiктерге негiздей отырып жүргiзудi ұсынады. Бiлiктi ұстаз -ғалымның қай еңбегiнде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдiсiнiң негiзгi әдiсi ретiнде объектiнi тiкелей бақылауға мән берiледi. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететiн өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгi жоспарлары мен бағдарламалары негiзiнде, көп iздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгiлi» (1981 ж.) диафильмi құнды құрал.

қшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негiзгi құралдарының бiрi «Жыл он екi ай» кiтабы болды. «Жыл он екi ай» кiтабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көрiп келе жатқан әдеби күнтiзбек. Жинақтағы әңгiме, өлең, ертегi, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлiмдерге топтастырылған. Талай жылдардан берi жарық көрiп келе жатқан бұл әдеби күнтiзбекте өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi жайында түсiнiк қазақ балаларының ақыл-ойын, тiлiн дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етiп, кестелi тiлмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгiнгi күнге дейiн мектеп жасына дейiнгi балалар мен төменгi сынып оқушыларының сүйсiне тыңдап, қызықтап оқитын кiтабының бiрi екендiгiн тәжiрибе көрсетiп отыр.

өлемiнде мектеп жасына дейiнгi балалардың тiлiн дамыту мәселелерiмен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерiнде табиғат тәрбие құралы ретiнде орын алады. Тәлiмгердiң «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетiнiң озық туындылары «Бiздiң кiтап» (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, бiрiншiсi 1974 жылы, екiншiсi 1976 жылы, кейiн өңделiп 1984 жылы жарыққа шықты. «Бiздiң кiтапқа» енген көркем шығармалардың көлемi шағын, тiлi жеңiл, сәбидiң түсiнiгiне лайық.

ң кiтапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгi түн», «Жазды күнi» т. б. балалардың жыл мезгiлi жайында алған бiлiмдерiн бекiту мақсатында қолдану тиiмдi, қазақ жазушыларының бiр топ өлең - тақпақтары енген.

Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетiнiн хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегi балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсiнiктерiн әрi карай кеңейтiп, тереңдетудi көздеген. Кiтапқа халық ауыз әдебиетi нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгiлдерiнiң ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруiн шебер суреттеген, Абай өлеңдерiнен бастап қазiргi авторларды да қамтыған бiрқатар шығармалар берiлген. Балабақша тәрбиешiсiне арналған «Өзiмiз оқып үйренемiз», «Суреттi қазақ тiлi» атты кiтаптарында балаларға табиғат жайында түсiнiк беретiн сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгiме үлгiлерi берiлген.

қша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың «Әр қашан күн сөнбесiн» (1977), «Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру тәжiрибесiнен» (1967) атты еңбектерiнде балаларға табиғат құбылыстары, өсiмдiк - жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берiлген.

өмiрiнiң образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек негiзiнде) өтедi. Бала табиғатпен ерiксiз тiлдесiп, оның сырларын ұғынады. Ол бала үшiн зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды тәлiмгер. Баланың тiлiн ұстартып, ақыл-ойын, адамгершiлiк талғамын дамытуда әсiресе жұмбақтарды пайдаланудың мәнi ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы дейдi педагог.

ғаранованың «Алты жастағы оқушыларды ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы» (1988 ж.) кiтабында тәрбиешiлер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру жоспарлары, ойын, еңбек, әңгiме үлгiлерi берiлген. Мысалы «Тиын мен кiрпi», «Кемпiрқосақ», «Жауын», «Араның ұясы», т. б. Тiл дамыту, еңбек, ән, бейнелеу өнерi сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар иiсi аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру арқылы олардың бойында туған жерiнiң табиғатына деген сүйiспеншiлiк сезiмiн оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсiндiру арқылы бала сұлулықты көрiп-бiлiп оған қуанады, адамгершiлiк, мейiрбандылық сезiмдерi қалыпасады. Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелi түрде серуен, саяхат, сабақ кезiнде жиi ұйымдастырып тұру қажет.

ғдарламасының негiзiнде, республика көлемiнде тұңғыш рет балабақша бағдарламасы қазақ тiлiнде жарық көрдi, бағдарлама қосымша өзгерiстер мен жаңалықтар да енгiзiлдi. Мысалы: «Балаларды айналамен және табиғатпен таныстыру» бөлiмiнде жергiлiктi табиғат ерекшелiгiне сай, республика көлемiнде өсетiн өiмдiктер мен мекендейтiн жануарлар, жыл мезгiлдерiнiң ауысуына байланысты адамдар еңбегi мен өмiр тiршiлiгiнiң өзгерiп отыруының енгiзiлгенiн баяндайды.

қ педагогика ғылымының мәселелерiмен шұғылданушы педагогика ғылымының докторы, ғалым Серғазы Қалиевтың халық дәстүрлерiн оқу-тәрбие iсiнде қолдануға арналған ғылыми мәнi зор еңбектерi бар. Ғалым табиғатты қорғаудағы бiздiң ата-бабаларымыздың бай тәжiрибесi мен ой-сезiмi жайында түсiнiк бередi. Ертеден - ақ, сауатсыз кездiң өзiнде қазақ халқы табиғатты аялай бiлген. Қазақ халқының табиғатқа сүйiспеншiлiгiн, олардың аңыз-ертегiлерiнен, мақал-мәтелден, ою - өрнектерiнен байқауға болады. Мысалы, түс киiз бен сырмаққа, текеметке түсiрiлген өрнектер даланың хош иiстi гүл бәйшешегiн, бұлақ суларын, тау жоталарын немесе арқар мүйiздi, құс тұмсығын, қарлығаштың қанатын елестетуi тегiннен тегiн емес. Сондай - ақ халық емшiлерi жануарлардың емдiк қасиеттерiн байқап тәжiрибеде кеңiнен қолданған. Мысалы, күйкентайдың ұясын, борсықтың терiсi мен майын өкпе ауруларына, иттiң жүнiн құлақ ауруларына немесе жылан, құрбақамен қорқытып, шошытып емдеу, т. б. Халық арасынада хайуанаттар мен жәндiктердi сақтау жөнiнде ежелден қалыптасқан әртүрлi ырымдар бар. Ата-бабаларымыз қарлығаштың ұясын бұзсаң үйiң өртенедi, құмырсқаның илеуiн бассаң аяғың сынады, аққуды, тырнаны атуға болмайды, шөптi жұлма, көктей соласың деген сияқты әртүрлi тыйым-ырымдарын баланы табиғатты қорғау мақсатында пайдаланған. Табиғатта басы артық нәрсе жоқ. Бiр жәндiктi құрту басқа бiрнеше жәндiктiң тiршiлiгiне хауiп төндiруi сол арқылы адам баласының күн көрiсiне нұқсан келтiру деген сөз. Адамның қиялына қанат бiтiрген тек табиғат қана.Ұрпаққа экологиялық бiлiм берудiң негiзгi тәрбие орны — мектеп. Онда жас ұрпақ өзiн қоршаған табиғаттың сыр - сипатын оқып, бiлiп қана қоймай, табиғатты қорғау жолына үйрететiн экологиялык тәлiм - тәрбие де алуы керек. Туған жерiнiң табиғатына деген сүйiспеншiлiк сезiмiн ерте ояту үшiн құрғақ насихаттан гөрi табиғат байлығы жайында мақал-мәтел, өлең - жырлар жаттау айналаны көгалдандыру, құстарға ұя жасау, алтын күз, құстар күнi деген сияқты балалармен әңгiме өткiзу, саяхатқа, серуенге шығарып тұруды ұсынады.

қ ғалым «Қазақ тәлiм-тәрбиесi» атты еңбегiнде табиғатқа сыр мен сымбат тәрбиесi ретiнде қарайды. Мәселен, « Бала тiлi шыға бастаған кезден-ақ өзiн қоршаған ортаның iшкi сырларын отбасының үлкендерiнен сұрап-бiлгiсi келедi. Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдың т. б. табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осыны үлкендерден сұрап-бiлгiсi келген бала: «Күн қайдан пайда болады?», «Жаңбыр мен қар неге жауады?» деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды. Табиғат сырын ғылыми тұрғыда ұрпақтарға өресi жетпеген ата-аналар «Оны құдай жаратты» немесе «Ол саған неге керек. Жоқтан өзгенi сұрайсың» — деп жазғырады. Бiлмегендi бiлуге деген құмарлық болса бойына туа бiткен қасиет. Осы қасиеттi жетiлдiрiп, жетектеп пiсiрiп отыру үлкендердiң парызы — дейдi.

Қалиев пен Б. Баймұратованың мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн құрастырған «Өзiмiз оқып үйренемiз» (1991 ж.) кiтабында балаларға жыл мезгiлдерi, өсiмдiктер мен жануарлар жайында жұмбақ, өлең-тақпақтар, әңгiмелер берiлген.

ғат адам баласының өмiр сүрiп, тiршiлiк ететiн ортасы ғана емес, көркемдiк сұлулықтың әлемi, молшылық, байлык көзi, таным негiзi. Табиғаттың сан алуан жұмбақ сырларын адам баласы әлi де зерттеп бiткен емес. Сонау Әл-Фараби өмiр сүрген X ғасырдан бастап бүгiнге дейiн қаншама жүздеген жылдар өттi. Ғылымның, техниканың дамығандығы соншалық қоғамға әр түрлi жаңалықтар мен өзгерiстер енiп жатыр, оның бәрiнiң бұлағы табиғат болып отыр. [1. 50]

Табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану адамзат алдындағы тұрған өзектi мәселе.

қ тәрбиенiң негiзiн балабақшадан бастаудың өзi олардың қоршаған ортаны танып – түсiнуге негiз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмiрiнiң қажеттiлiгi үшiн ғана емес, жерiмiздегi тiршiлiктiң жалғаса беруi үшiн де қажет екенiн түсiндiру шарт. Белгiлi ғалым – педагогтар Н. В. Скалон, Ф. А. Веретникова, Б. Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшiн қажеттi шарттарын атап өтiп, оларды отаншылдық, эстетикалық , адамгершiлiк тәрбие негiздерiне жатқызады. Балабақшаның тәрбиелiк жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетiлген, елiмiздiң барлық балабақша осы бағдарламаның негiзiнде жұмыс iстейдi. Оның мынандай екi мақсаты бар:

ған табиғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеп, оның әсемдiгiн терең сезiнуге, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;

қшада табиғат жөнiнде қарапайым бiлiм берiп, осының негiзiнде тiрi және өлi табиғаттағы құбылыстар жөнiнде нақты жалпылама түсiнiктердi қалыптастыру.

қшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды Морковскаяның «Балабақшадағы табиғат бұрышы», Веретникованың «Мектеп жасына дейiнгi балаларды табиғатпен таныстыру» еңбектерiнде, балалар барлық уақытта табиғатпен қандай да болсын белгiлi бiр қарым – қатынаста болады, жасыл орман, әдемi гүлдер, аң – құстар, жапалақтап жауған қар осының бәрi балалардың көңiлiн аударып қуантады, осылайша табиғатқа, өз Отанына деген сүйiспеншiлiгi пайда болады. Балаларды табиғатпен таныстырубарысында адамгершiлiк, еңбек, деен және эстетикалық тәрбие берудi жүзеге асыру қажет. Бұл күндерi Қазақстанда бiлiм беру саласы мен Қазақ табиғат қорғау қоғамы жасаған бiрқатар әдiстемелiк құралдардың негiзiнде табиғатты қорғауды насихаттау белгiлi жүйеге келтiрiлдi. «Қазақстан» баспасынан шыққан С. Ысқақовтың «Табиғат және адам», С. Қаженбаев пен С. Мажмухатовтың авторлығымен шыққан «Табиғат қорғау кiтабы», «Қайнар» баспасынан профессор Е. Мәмбетқазиев пен Қ. Сыбанбековтың бiрлесiп шығарған «Табиғат қорғау» кiтабы құнды еңбек болып отыр.

қара сөзiнде табиғат байлықтарының өзара бiр-бiрiмен байланысын өте шебер бере бiлген және табиғатқа рақымшылықпен қарауды, табиғат туындыларына қиянат жасауға болмайтындығын ескерте келiп, "қиянатшыл адам – мұсылман емес" дейдi.

Ғажайып құбылысқа қарап тұрып және ол туралы тыңдап жүрiп адам дами түседi... Сұлу бейнелерден бiз сұлу, яғни жақсы ойларға берiлемiз. Ал сұлу өмiрден — абсолюттiк сұлулыққа көшемiз». /Платон/.

Ұлы ойшыл Абай табиғат туралы «Адамды қоршаған ортаның табиғаттың iшкi сырын бiлiм- ғылым арқылы танып бiлуге болады» деген едi. Ы. Алтынсариннiң 1879 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Қазақша хрестоматия» деген кiтабында: «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т. б. әңгiмелерi бала жанын тазалыққа, адалдыққа, туған жердiң табиғатын сүюге, қайырымдылық пен жаңашырлыққа меңзейдi.

әндiк-қолданбалы өнер саласындағы белгiлi маман-ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдiк талғам дегенiмiз— әсемдiктi ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата бiлу қабiлетi»- деп тұжырымдайды.

Адамның эстетикалық сана-сезiмiнiң дамуына әсер ететiн, тәрбиелейтiн құралдар аз емес, соның iшiнде өнердiң алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезiмiне әсер етедi, жамандықтан жиренiп, әсемдiкке елiктеуiне септiгiн тигiзедi. Қызықты өмiр болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесiн өнер өзiне тән құралдар мен тәсiлдер арқылы айшықты бейнелеп бередi. Мұның бәрi айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттiлiкке, имандылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелейдi. Қазiргi кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдiк, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбiр халықтың ұлттық ерекшелiгiмен бiте қайнасқан әсемдiк туралы өзiндiк түсiнiгi, танымы әрқашан сақталып отырады.

Балалардың әсерлi эстетикалык ой-өрiсiн, көркемдiк талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлi көркем шығармашылық iс-әрекеттердiң дағдылар мен қабiлеттiлiктер мүмкiндiктерiн ашып көрсеткен педагогикалық тәжiрибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесiнiң жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдiстемелiк негiздегi жүйесiн жасауда елеулi жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бiрақ та бұл мәселенiң аясында әлi де шешiмiн күтiп тұрған педагогикалық, психологиялық өзектi мәселелер мен мiндеттер жеткiлiктi.

Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен iс-тәжiрибелердiң мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткiншектерге эстетикалық тәрбие беру мiндеттерiнiң жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектелiп, балалардың әсемдiктi тану қабiлеттiлiктерiн қалыптастыру көп жағдайда бiржақты (ән айту, өлең үлгiлерiн жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) iс-әрекеттерге бейiмделiп қана құрылғандығын көремiз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиiс көркемдiк бiлiм негiздерiнiң мазмұнын және оның көркемдiк iс-әрекеттермен жүйелi бiрлiгiн айқындау педагогикалық өзектi мәселелердiң бiрi. Атап айтқанда, қазiргi кезде жас-жеткiншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесiнiң мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргiзiлетiн түрлi бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенiң бiр бөлшегi ме? Немесе, көркемдiк бiлiм негiздерiн «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннiң мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекшi iс-әрекеттерiнiң аясында көмекшi рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап iздеу, нақты тәжiрибелерге сүйенiп айқындау мiндеттерi тұр.

ұл мiндеттердi шешу төмендегiдей мәселелердi:

өркемдiк талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдiк бiлiм беру жүйесiнiң өзiне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы мiндеттерiн саралауды;

ғы көркемдiк iс-әрекеттер барысында игеруге тиiстi бiлiм мен дағдылар көлемiн белгiлеудi;

өркемдiк iс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрiсiн дамытудың педагогикалық және психологиялық негiздерiн айқындап алуды талап етедi.

өркем өнер — көркемдiк талғамды қалыптастырудың өзектi құралы ретiнде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруiне, халық өнерiнiң айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе бiлуге баулиды. Көркемдiк тәрбиенiң басты құралдары — бейнелеу және сәндiк-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тiрлiгiнiң қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерiнен, т. б. алған эстетикалық әсерлерiнiң шығармашылық iс-әрекеттерi барысында терең бекуiне, олардың әсемдiктi өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесiнде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкiндiк жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсерi де көркемдiк талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгiлдернiң ауысу құбылысы, құстардың үнi, жануарлар дүниесiнiң қызығы, өсiмдiктер әлемi бала сезiмiнде, түйсiгiнде әсерлi айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын бiлуге ынтықтырады. Балаларды көркемдiктi игеруi мен оны өз қолымен жасауға бағытталған iс-әрекеттерiнiң аясында бейнелеу және сәндiк қолданбалы өнердiң мәнерлiлiгi, көрнекiлiгi әрi танымдық әсерiнiң күштiлiгi балалардың шығармашылық белсендiлiгiне, сол арқылы олардың талғам өрiсiнiң дамуына зор ықпал жасайды.

өмiр құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсiндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезiнде тереңiрек танып, бiлуге мүмкiндiк алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлi заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсiлiн меңгеруге, заттың көлемi мен пiшiнiн бояулар мен түстер арқылы бейнелей бiлуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжеттi сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлi материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудiк тәсiлдерiне машықтанады, бұйымдар үлгiсiн жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудiң амалын үйренедi. Ал, мүсiндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пiшiнiн бейнелеу тәсiлiне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненiң сыртқы кескiнiн, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшелiктерiн, күнделiктi көргендерiн еске түсiре отырып мүсiндей бiлуге, мүсiндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердiң өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсiнiктердi игеруге мүмкiндiк алады.

әндiк-қолданбалы өнер саласындағы көркемдiк жұмыстар, балалардың түрлi-түстi қағаздардан арнайы сюжеттi құрастыруға қажеттi элементтерiн, ұлттық ою-өрнектердiң қарапайым үлгiлерiн қию арқылы тұлға силуэтiнiң (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетiнде желiмдеп жапсыру кезiнде жеке элементтердiң өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстiк үйлесiмдiлiгiн пайымдай бiлуiне үлкен көмегiн тигiзедi. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңiстiк ойлау қабiлетiнiң және пiшiн, көлем сұлулығын сезiну, түйсiну дағдыларының дамуына мүмкiндiк туғызумен бiрге, олардың еңбек ету iскерлiктерiнiң қалыптасуына жол ашады.

қша балаларын ұлттық сәндiк өнерге тән - кесте тiгу, қуыршақ киiмiн дайындау, түрлi-түстi жүндердi пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты iс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазiргi кезге дейiн қолданылып келе жатқан дәстүрлi сәндiк бұйым үлгiлерiмен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдiк нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай бiлуге баулу, көркемдiк талғам өрiсiн кеңейте түсудiң бiрден-бiр сындарлы жолы. [2. 30]

Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесiмен, оған жүйелi бiлiм беру мәселесiмен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебi дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-бiлетiн, зерттейтiн, оны күтiп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!

ға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.

ғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат – бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi. Баланың қандай болып өсуi – бiзге, ерексектерге байланысты. Балалар үйi балаларының экологиялық тәрбиесi алуан түрлi ықпал ету құралдарының көмегi арқылы iске асырылады:

ұражайларға бару;

қсаттық серуендеу;

ғдарламалар, бейнефильмдер;

ғат туралы көркем әдебиеттер;

ңдау;

қ ойындар, мақалдар, мәтелдер;

қалалық жарысына қатысу.

әне даярлық жастағы балалар “тiрi” және “өлi” табиғат деген түсiнiктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауiпсiздiкке көп көңiл бөлiнедi. Педагогтармен “Балаларымыздың қауiпсiздiгi мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргiзiлдi. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бiздi қоршаған ортада балалардың қауiпсiздiгiн сақтау бойынша сабақтар жүргiздi. Әрбiр топта әр түрлi жағдайларды модельдеу үшiн құралдар дайындалып ресiмделген болатын. Балалар экологиялық ертегiлердi, тақпақтарды, әңгiмелердi, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлiсудi жақсы көредi. Балалармен сабақ баланы бiздi қоршаған ортаның жағдайы әрбiр адамға байланысты екендiгiн сендiруге көмектеседi. [3]

ғы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейiнгi тәрбие мекемелердiң алдында негiзiнен мына төмендегi мiндеттер тұр. Атап айтқанда:

қ мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнiнде бiлiм деңгейiн көтеру;

ң бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

әртүрлi жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелiк жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезiнен ерте басталуы тиiс.

ң дүниеге келгеннен кейiнгi алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусiз өткiзiп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесiне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негiздерiне тәуелдi.

ұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегi, адамгершiлiгi бар, шығармашылықпен жұмыс iстейтiн адамды қалыптастыру мүмкiн емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезiмдердi тудыра отырып, баланың белсендi түрде шығармашылықпен жұмыс iстеуi мен денсаулығына оң ықпалын тигiзедi. Бiрақ бала мұның бәрiн сезiну үшiн сұлулықты өз көзiмен көрiп, оны қабылдай бiлуi керек.

әрбие арқылы, ересектердiң өнегесi арқылы дүниенi таниды, көрудi, сезiнудi, тыңдауды үйренедi... Тәрбиелеушi жақсы өнегенi беруге неғұрлым қабiлеттi болсақ, балада соғырлым көбiрек үйренедi.

ң өмiрiндегi алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өмiрiне жағымды бағыт бере отырып, өмiр бойы есiнде қалады.

ңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеудi көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие iсiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесiнiң табиғатын сүюге, оны аялай бiлуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершiлiгiн күшейтуге, табиғатпен бiрге өмiр сүретiнiн сезiнуге үйрету мақсат.

Балалармен жұмыс iстеу барысында сабақ өтiлетiн бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмiрден өз көздерiмен көре отырып, оның өмiрiмен байланысын сезiне бiлсе, онда олар сұлулықтың бар екенiне сенедi.

ғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.

ғи факторлар - су, ауа, күндi қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерiн шешемiз.

өсiмдiктер және жануарлар әлемiмен таныстыру арқылы, оларды күтiп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай бiлуге тәрбиеленмiз. Балалар тiрi және өлi табиғат арасында, тiрi организм мен олардың өмiр сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренедi.

үниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

ғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсiнiктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткiзетiн қор болып табылады. Ол әртүрлi табиғи құбылыстарды жете түсiнудi өз ойын жеткiзе бiлу өнерiн бiрге дамытады.

Табиғатты танып, бiлу - мектепке дейiнгi жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиенi бере отырып, сонымен бiрге оны қорғай, аялай бiлуге үйретедi.

ғы балаға экологиялық мәдениеттiң алғашқы түсiнiктерiн қалыптастыру үшiн:

ға экологиялық тәрбие берудiң алғы шарттарын құру;

ң экологиялық сауығуының дамуы үшiн атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

З. Тiрi объектiлердi күтiп-баптауға қолайлы ортаны iс жүзiнде құру үшiн iс-шаралар ұйымдастыру;

қта көркем құралдарды, әдiстемелiк және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлi ертегiлер кейiпкерлерiн жүйелi түрде қолдану;

ң бiлiм деңгейi мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру. Тәрбиешi - педагогикалық үрдiстiң ең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегi шешушi фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиiс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсiлдерiн қолдана бiлуi керек. [4. 20]

Бала жүрегiне табиғаттың әсерi өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетiнде кеңiнен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздiгiнен бала бойына қажеттi жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған мiндеттi түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсiнгенде ғана арта бастайды.

ң табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында бiздiң байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбiр құбылыстары, өзiнiң қабылдауға жеңiлдiгiне қарамастан, балалардың сәндiк ою-өрнектерiн жасау әрекетiндегi еңбектерiнде мүлдем көрiнiс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңберi, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т. б. бейнелеуге де жете көңiл бөлмегенi байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектiлерi қазақ халқының күнтiзбесiнiң негiзiне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелi өмiр тiршiлiгi үшiн аса кажет болды.

Қиырсыз кең байтақ далада үнемi көшiп-қонып өмiр сүру адамдардан кеңiстiктi жақсы бағдарлай бiлудi және жұлдыздар көмегiмен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба бiлудi талап еттi. Көптеген көшпендiлер негiзгi аспан жұлдыздарын бiлумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септiгiн тигiздi. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндiзгi уакыт аспанда күннiң орналасуына қарай бағдарланды.

ұдан шығар қорытынды - бiздiң ата-бабаларымызды өмiрдiң өзi табиғатты, оның құбылыстарын жетiк танып бiлуге тәуелдi етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндiк бейнелеу әрекетiнде пайдалана алмауы тәрбиешiлер жұмысының кемшiлiгiнiң көрiнiсi болып табылады. Сол себептi ересектер тобы балаларының жас ерекшелiгiн есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндiк-қолданбалы өнерiмен таныстыру барысында өлi табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердiң ою-өрнектiк негiзi мектеп жасына дейiнгi балалардың қабылдауына және шығармашылық iс-әрекетiнде бейнелеуiне ыңғайлы да лайықты.

Қазiргi уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейiнгi тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына iскерлiк-дағдыларды одан әрi жетiлдiре түсу, оны халықтық сәндiк ою-өрнектi бейнелеу әрекетiне пайдалану, сәндiк-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негiзiнде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу мiндеттерi қойылып отыр.

үргiзiлетiн негiзгi жұмыстарды төмендегiше топтауға болады:

әндiк - қолданбалы өнермен таныстыруда берiлетiн табиғат заттары мен құбылыстары элементтерiнiң алуан түрлiлiгiн анықтау арқылы ұйымдастыру;

өлi табиғат заттары мен құбылыстарының мәнi, сондай-ақ олардың адам өмiрiндегi маңызы жайлы бала түсiнiгiн қалыптастыру;

ұлттық әшекей элементтерiмен таныстырудың бiрiздi жүйесiн жасау;

-сәндiк әшекейлердi жасау әрекетiнде - практикалық iскерлiк пен дағдыларды қалыптастыру.

ғат құбылыстарымен және оны сәндiк әшекейлер жасау әрекетiнде бейнелеу iсi тиiмдi әдiс-тәсiлдердi пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның iшiнде белгiлi бiр түсiнiктi бала санасына бейнелi жеткiзетiн көркем сөздiң алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңiл тиетiнi – жұмбак.

қпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиiмдi пайдалану жаңа бiлiмдi игеру үрдiсiн жеңiлдете түседi.

ғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндiк әшекейлеу әрекетiнде пайдалана бiлудiң шешушi мiндеттерi мыналар:

ң табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай бiлуi және себеп-салдарын анықтауы;

әртүрлi әдiс-тәсiлдер және әрекет түрлерiн пайдалану арқылы мектеп жасына дейiнгi балалардың табиғатты танып-бiлуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

әрбиешiлердiң жаратылыстану ғылымдарының негiздерiн және оны лайықты түрде бала санасына жеткiзу әдiстемесiн бiлуi.

ң табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектiлерiмен және құбылыстарымен таныстырудың әдiстерi мен түрлерiн дұрыс таңдаумен қатар белгiлi түсiнiктер мен құбылыстарды ажырата бiлудiң де мәнi зор. Мәселен, «аспан денелерi» түсiнiгiне әлем, күн, жұлдыз, ай кiрсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсiндiру қажет.

ғаттың әрбiр заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәулiктiң белгiлi мерзiмiнде жүзеге асыруға тура келедi. Мысалы: күз маусымы кезiнде түнгi аспанды бақылауға мүмкiндiк мол. Себебi күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.

ң iшiндегi бiзге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетiндегi "теңiздер көлеңкесiн", таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбi болса, тiптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзiндегi қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесiнiң - орақ тәрiздес жарты ай және толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйiрiле жүргiзген ынғайлы. Таныстыру жұмыстарын "Жетi қарақшы" жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн. Балалар "жетi қарақшыны" оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейiн "Темiрқазық" және "Кiшi жетiқарақшы" жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.

ұлдыздар әлемiн бақылау өте қызықтырады, бiрақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкiн емес. Сол себептi ата-аналарға кешкi серуен кездерiнде мүмкiндiктi пайдалана бiлуге кеңес берiледi.

қтары туралы балалар бiлiмiн бекiту және оған қызығушылығын арттыра түсу үшiн мектепке дейiнгi мекемелерде баланың ата-анасымен бiрге көрiп-бiлгендерi жөнiнде әңгiме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден әңгiмелер оқу арқылы толықтыруға болады!

өткен заманда көшпелi тiрлiк кешкен ата-бабаларымыздың "қазыкты" - қазық деп атап, жетi қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнiмен орнынан тапжылмайтын қазықты "қойлар" айналып шығады деген түсiнiктерiн ояту балаларға қызықты.

ғи обьектiлер мен құблыстарды белгiлi бiр топтарға бiрiктiру - балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты түсiнiктерiн қамтамасыз етедi. Балалардың сәндiк-әшекей, ою-ернек жасау әрекетi үрдiсiнде әртүрлi әдiстемелiк тәсiлдер қолданылады. Ойлау белсендiлiгiн артыратын мұндай тәсiлдердiң бiрi- салыстыру. Ол үшiн тәрбиешi белгiлi бiр логикалық ой туғызатын жүйелi сұрақтар қоя бiлуi керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын,одан соң өрнектiң элементтерi, құрылысын, түсiн т. б. ажыратуды талап ететiн сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендiрiлу ерекшелiгiн, сонымен бiрге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседi. Мысалы: ұлттық киiмдер, кiлемдер т. б.

әрекет барысында ойын әдiсiн пайдалану балаларды жағымды эмоциялық сезiм мен көңiл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдiсiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. Ойын тәсiлiмен жүргiзiлген қайталау және жаттығу жұмыстары бiрсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейдi. Ойын әдiсiн пайдалану кезiнде әр балаға "шебер", "ыдыс бояушы", "тiгiншi", "зергер" т. с. с. рөлдерi бөлiнiп берiлсе, балалар үшiн одан сайын қызықты болмақ.

ң өз бетiмен қорытынды шығара бiлуi үшiн кез-келген заттың материалын және өрнек-әшекейлерiн өзгертудi ұсыну тәсiлiн қолдану қажет (ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киiз үй жаса, ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т. б.).

әндiк әшекей, ою-өрнек жасау әрекетi үрдiсiнде балалардың табиғат туралы бiлiмдерiн бекiту үшiн, жоғарыда аталған әдiстермен қатар арнайы түсiрiлген слайдтар, диафильмдер мен кинофилъмдердi ұжымдық көрудi ұйымдастыруға болады. Мектепке дейiнгi жаста балаларды табиғат заттары мен құбылыстарының элементтерi туралы түсiнiк беруге негiзделген сәндiк-ою-өрнек жасау үрдiсiне қатыстыру, тарту - олардың сезiм мәдениетiнiң жетiлуiне едәуiр ықпалын тигiзедi. Сондай-ақ анализаторлардың жетiле түсуi, сезiмдiк тәжiрибенiң қорлануы, балалардың логикалық ойлауын, зейiнiн, тiлiн ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерiн қалыптастырады.

ғанда осындай нысаналы, жүйелi тәсiлдер арқылы балалардың көркемдiк тәрбиесiн жолға қоя отырып, адамгершiлiк қасиеттерiн, жан дүниесiнiң баюын, көркемдiк талғам мен шығармашылық қабiлеттерiн оятуға мүмкiндiк туары кәмiл. [5. 70]

1. ға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негiздерiн қалыптастыру.

қ тәрбие - дегенiмiз баланың ақыл-ойы мен сезiмiн, ұшқыр қиялы мен ойлау қабiлетiн дамытуға көмектеседi. Эстетикалық тәрбиенi жүзеге асыру үшiн балалардың әсемдiк сезiмi мен ұғымын, көркемдiк, шығармашылық қабiлетiн үздiксiз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.

ғаннан-ақ өзi жете түсiнбес жарқын, тартымды нәрсенiң бәрiне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемi гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрi оның рахаттану, қызығу сезiмiн туғызады. Жиi ән, ертегi тыңдап, суреттердi қараған балалардың өнер қуаныш сезiмдерiнiң қайнар көзiне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәрiне жәйғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесiмен қабылдайтын болады.

ұлулықты форма мен мазмұнның бiрлiгi ретiнде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезiм мен тебiренумен тығыз байланысты. Әсемдiкке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезiмнiң ерекшелiгi болып табылады.

әрбиешi баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсiну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пiкiр, эстетикалық баға беру қасиетiн қалыптастыруға дейiн жетелеп отыруы тиiс.

ға тән ерекшелiк- бұл шындықты соншалықты пәк, тiкелей бейнелейтiндiгiнде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтiн заттың шындығына сенетiндiгiнде. Балалардың ойын әрекетiнде қоршаған ортадан алған әсерiн бейнелi түрде жеткiзе бiлуiне тәрбиешi үнемi көмектесiп отыруы керек.

өлдi ойындарға тақырыпты, мазмұнды таңдап алуда және белгiлеуде ниет қана емес, шығармашылық iзденiс қажет.

ғармашылық нышандары байқала бастайды, ол ой құрау және оны жүзеге асыру қабiлетiнiң дамуынан, өз бiлiмiн, ұғымын құрастыра бiлуiнен өзiнiң ойын, сезiмiн, тебiренiсiн шынайы жеткiзуiнен көрiнедi. Балалардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн оларға үнемi ақыл- кеңес берiп, дұрыс тәрбие үлгiсiн көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар өз ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткiзу тәсiлдерiн меңгередi. Тәрбие баланы әсемдiкке баулиды, жағымды эмоция туғызады, қабiлеттерiн дамытады. Балалардың қабiлетiн дамытуда, педагогтың жеке басы, мәдениетi, бiлiмi, өз iсiн жете меңгеруi үлкен рөл атқарады.

қ талғам балалардың өнерде, өмiрде, тұрмыста шынайы әсемдiктен қанағат, рухани азық алуынан көрiнедi.

қ талғам — кең ұғым: ол өнердiң терең мағынасын, тамаша шығармаларды түсiнудi, одан ләззат алуы ғана емес, табиғаттың, еңбектiң, тұрмыстың, киiмнiң сұлулығын түсiнудi қамтиды.

ң эстетикалық талғамын қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстiнде балалар әдебиетi, музыкалық , сурет өнерiнiң классикалық шығармаларымен толық игерудi үйренедi.

Балалардың бойында эстетикалык талғамның негiздерiн қалай отырып, бiз оларды қоршаған ортаның әсемдiгiн көруге және сезiнуге, оны аялауға баулимыз. Гүлдердiң қауыз жарғанын көргенде оның жұртқа қуаныш сыйлауы үшiн оны мәпелеп күту керек. Балалардың да көркемдiк қабiлеттерiн, эстетикалық сезiмдерi мен ұғымдарын, әсемдiктi бағалай бiлуiн дамыта отырып, педагог рухани байлығы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеудiң негiздерiн қалай бередi. [6. 29]

әндiк-қолданбалы өнер саласындағы белгiлi маман-ғалым А. Б. Салтыков: «Көркемдiк талғам дегенiмiз— әсемдiктi ажыратар нағыз сұлулықты жалған сұлулықтан ажырата бiлу қабiлетi»- деп тұжырымдайды.

ң эстетикалық сана-сезiмiнiң дамуына әсер ететiн, тәрбиелейтiн құралдар аз емес, соның iшiнде өнердiң алатын орны ерекше. Өнер айналадағы болмысты көркем бейнелер арқылы қайта жаңғырта отырып, адамның танымдық сезiмiне әсер етедi, жамандықтан жиренiп, әсемдiкке елiктеуiне септiгiн тигiзедi. Қызықты өмiр болмысын, қайырымды да парасатты адам бейнесiн өнер өзiне тән құралдар мен тәсiлдер арқылы айшықты бейнелеп бередi. Мұның бәрi айналып келгенде жеке адамды сұлулыққа, мәдениеттiлiкке, имандылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелейдi. Қазiргi кезде киноның, теледидар мен радионың, өнер саласындағы әдебиеттер мен журналдардың арқасында әлемдiк, Отандық өнер мен мәдениет жаңалықтары, жаңа бағыттар мен ағымдар туралы мағлұматтар халық бұқарасының арасына тез таралуына, ықпалына қарамастан, әрбiр халықтың ұлттық ерекшелiгiмен бiте қайнасқан әсемдiк туралы өзiндiк түсiнiгi, танымы әрқашан сақталып отырады.

ң әсерлi эстетикалык ой-өрiсiн, көркемдiк талғамын дамытуға зор ықпал жасайтын түрлi көркем шығармашылық iс-әрекеттердiң дағдылар мен қабiлеттiлiктер мүмкiндiктерiн ашып көрсеткен педагогикалық тәжiрибелерге сүйене отырып, республика ғалымдары да эстетикалық тәрбие мәселесiнiң жалпы жағдайын анықтау, ғылыми әдiстемелiк негiздегi жүйесiн жасауда елеулi жұмыстар атқарды (М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, С. Қалиев, Н. Хмель, Е. Асылханов, В. Әлмұханбетов, Ә. Қамақов т. б.). Бiрақ та бұл мәселенiң аясында әлi де шешiмiн күтiп тұрған педагогикалық, психологиялық өзектi мәселелер мен мiндеттер жеткiлiктi.

Қолда бар педагогикалық тұжырымдар мен iс-тәжiрибелердiң мазмұнын сын тұрғысынан талдай отырып, жас жеткiншектерге эстетикалық тәрбие беру мiндеттерiнiң жүзеге асуы эстетикалық мағлұматтардың жиынтығын игертумен шектелiп, балалардың әсемдiктi тану қабiлеттiлiктерiн қалыптастыру көп жағдайда бiржақты (ән айту, өлең үлгiлерiн жаттау, ою-өрнектер салу, т. б.) iс-әрекеттерге бейiмделiп қана құрылғандығын көремiз. Сондықтан балалардың әр жас шағында игеруге тиiс көркемдiк бiлiм негiздерiнiң мазмұнын және оның көркемдiк iс-әрекеттермен жүйелi бiрлiгiн айқындау педагогикалық өзектi мәселелердiң бiрi. Атап айтқанда, қазiргi кезде жас-жеткiншектерге эстетикалық тәрбие беру жүйесiнiң мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыратын арнайы пән не? Әлде ол балалармен жүргiзiлетiн түрлi бағыттағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын эстетикалық мәнге ие етуде пайдаланатын жалпы тәрбиенiң бiр бөлшегi ме? Немесе, көркемдiк бiлiм негiздерiн «сұлулық заңдылығына» сәйкес игертуге бағытталған пәннiң мазмұны қандай болуы керек? Әлде бұл құбылыс балалардың ойын, өзара қатынас, еңбек сиякты жетекшi iс-әрекеттерiнiң аясында көмекшi рөл атқара ма? — деген сұрақтарға жауап iздеу, нақты тәжiрибелерге сүйенiп айқындау мiндеттерi тұр.

ұл мiндеттердi шешу төмендегiдей мәселелердi:

өркемдiк талғамды қалыптастырудың басты құралы көркемдiк бiлiм беру жүйесiнiң өзiне тән мазмұнын, мақсаттары мен нақтылы мiндеттерiн саралауды;

ғы көркемдiк iс-әрекеттер барысында игеруге тиiстi бiлiм мен дағдылар көлемiн белгiлеудi;

өркемдiк iс- әрекеттер арқылы балалардың шығармашылык ой-өрiсiн дамытудың педагогикалық және психологиялық негiздерiн айқындап алуды талап етедi.

өркем өнер — көркемдiк талғамды қалыптастырудың өзектi құралы ретiнде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруiне, халық өнерiнiң айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе бiлуге баулиды. Көркемдiк тәрбиенiң басты құралдары — бейнелеу және сәндiк-қолданбалы өнер, музыка, көркем әдебиет, балалардың айналадағы табиғаттан, адамдар тiрлiгiнiң қызықты оқиғаларынан, ойын-сауық мерекелерiнен, т. б. алған эстетикалық әсерлерiнiң шығармашылық iс-әрекеттерi барысында терең бекуiне, олардың әсемдiктi өз қолымен жасауға талпынысы нәтижесiнде сапалы талғамның қалыптасуына мүмкiндiк жасалады. Туғал ел табиғатының сұлулығы және табиғат құбылыстарының ерекше әсерi де көркемдiк талғамды қалыптастырудың басты құралы. Орман, су, жер, жазық дала, тау-тас, бау-бақша, жыл мезгiлдернiң ауысу құбылысы, құстардың үнi, жануарлар дүниесiнiң қызығы, өсiмдiктер әлемi бала сезiмiнде, түйсiгiнде әсерлi айшықталып, оны бұл құбылыстардың сиқырлы сырын бiлуге ынтықтырады. Балаларды көркемдiктi игеруi мен оны өз қолымен жасауға бағытталған iс-әрекеттерiнiң аясында бейнелеу және сәндiк қолданбалы өнердiң мәнерлiлiгi, көрнекiлiгi әрi танымдық әсерiнiң күштiлiгi балалардың шығармашылық белсендiлiгiне, сол арқылы олардың талғам өрiсiнiң дамуына зор ықпал жасайды.

өмiр құбылыстарын сурет салу, сазбалшықтан немесе пластилиннен мүсiндеу, қиып жапсыру, табиғат материалдарын көркем өңдеу т. б. жұмыстар кезiнде тереңiрек танып, бiлуге мүмкiндiк алады. Балабақшаның ересектер тобындағы балалары қоршаған ортадағы түрлi заттар мен құбылыстарды көркем бейнелеу тәсiлiн меңгеруге, заттың көлемi мен пiшiнiн бояулар мен түстер арқылы бейнелей бiлуге жаттыға отырып, ол дағдыларды өз қиялымен сюжеттi сурет композициясын құруда, көркем образ жасауда пайдаланады. Түрлi материалдардан (қағаз, картон, мата, пластилин, т. б.) әшекейлеудiк тәсiлдерiне машықтанады, бұйымдар үлгiсiн жасаудың жолдары мен оларды сәндеп әшекейлеудiң амалын үйренедi. Ал, мүсiндеу арқылы заттардың, адамдардың, құстардың, хайуанаттардың пiшiнiн бейнелеу тәсiлiне машықтанады. Қолданатын сазбалшық немесе пластилин арқылы сомдайтын бейненiң сыртқы кескiнiн, олардың қимыл-қозғалыс пластикасының ерекшелiктерiн, күнделiктi көргендерiн еске түсiре отырып мүсiндей бiлуге, мүсiндеу барысында тұлғалардың дене құрылысы, бөлшектердiң өзара жарасымды байланысы туралы алғашқы түсiнiктердi игеруге мүмкiндiк алады.

әндiк-қолданбалы өнер саласындағы көркемдiк жұмыстар, балалардың түрлi-түстi қағаздардан арнайы сюжеттi құрастыруға қажеттi элементтерiн, ұлттық ою-өрнектердiң қарапайым үлгiлерiн қию арқылы тұлға силуэтiнiң (сұлба) сұлулығы, ал оюлардың жазықтық бетiнде желiмдеп жапсыру кезiнде жеке элементтердiң өзара жарасымдылығын, оюлардың өрнек композициясындағы ырғақтылығын, фон мен өрнек бояуларының түстiк үйлесiмдiлiгiн пайымдай бiлуiне үлкен көмегiн тигiзедi. Қатты қағаз, мата қиындылары, фольга, т. б. табиғи заттардан көркем құрастыру жұмыстары балалардың кеңiстiк ойлау қабiлетiнiң және пiшiн, көлем сұлулығын сезiну, түйсiну дағдыларының дамуына мүмкiндiк туғызумен бiрге, олардың еңбек ету iскерлiктерiнiң қалыптасуына жол ашады.

Балабақша балаларын ұлттық сәндiк өнерге тән - кесте тiгу, қуыршақ киiмiн дайындау, түрлi-түстi жүндердi пайдаланып ши орату, ши тоқу, т. б. сияқты iс-әрекеттерге араластыру, қазақ халқының тұрмысында кең тараған, қазiргi кезге дейiн қолданылып келе жатқан дәстүрлi сәндiк бұйым үлгiлерiмен мақсатты түрде таныстыру, бұйымдардың әсемдiк нақышы туралы балалардың өз ойын пайымдай бiлуге баулу, көркемдiк талғам өрiсiн кеңейте түсудiң бiрден-бiр сындарлы жолы. [7. 53]

қымыздың жалпы мәдениет деңгейiн жоғары сатыға көтерудiң және балалардың эстетикалық көзқарасы мен талғамын дамытудың бiрден-бiр тиiмдi жолы көркем өнер болып табылады.

қ тәрбиеде көркем өнерге ерекше орын берiледi. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмiр құбылыстарының мәнiн ашады, оларды қоршаған дүниеге үңiле қарауға мәжбүр етедi. Әсемдiктiң әсер ықпалын бастан кешiруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейдi.

ң көркемдiк дамуы ойдағыдай болуы үшiн тәрбиешi (мұғалiм) оның жасына сәйкес, iс-әрекеттерiнiң түрлерiн дұрыс пайдалана бiлуi қажет.

өркемдiк тәрбие әдiстемесiнiң негiзiне - бала мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауда, өнiмдi iс-әрекетке деген шығармашылық қабiлеттерi, әлеуметтiк, табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөнiндегi бiрлескен iс-әрекетi жатады. Бұл жұмыстың табысты болуы көбiне-көп тәрбиеленушiнiң дара ерекшелiктерiнiң, қажетсiнуi мен мүддесiнiң, жалпы даму деңгейiнiң қаншалықты мөлшерде ескерiлетiндiгiмен анықталады.

өркемдiк тәрбие жөнiндегi жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үшiн балалардың жас ерекшелiктерiне сай бейнелеу iс-әрекетiн үйретудiң әдiстемесiн және жалпы мiндеттерiне сәйкес мазмұнын белгiлеп, нақтылы қойылатын талаптарды анықтап алу қажет. Бұл көркемдiк тәрбие құралдары мен әдiстерiн iрiктеуде кездей-соқтыққа, жүйесiздiкке, бiржақтылыққа ұшырамауға мүмкiндiк бередi. Тәрбиешiлерге бейнелеу өнерiне байланысты жұмыстарды жоспарлауға, материалды белгiлi бiр iзге түсiруге, онын түпкi мақсатына жетiп, нәтижесiн көруге көмектеседi.

қшадағы көркемдiк тәрбие жөнiндегi жұмыстар тәрбиелеу мен бiлiм беру iсiнiң барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлерi сан алуан және оның нәтижелерi де iс- әрекеттiң әр алуан түрiнде көрiнiс табады. Бұл жұмыста төмендегiдей мәселелер қарастырылады :

ұрмыста, еңбекте, ойын барысында қоғамдық және табиғи құбылыстармен, заттармен таныстыру арқылы қоршаған болмысқа деген эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу;

өнер құралдары арқылы көркемдiк тәрбие беру; (көркемдiк талғамды қалыптастыру, шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, көркем өнер туындылары жайында қарапайым түсiнiк беру және әсер алу, сезiнуге баулу, бейнелеу iс-әрекетiне сәйкес iскерлiк- дағдыларды меңгерту, музыка, әдебиет арқылы, т. б.)

өнер және өмiрдегi әсемдiктi, сұлулықты қабылдау, және оны түсiнуге, сезiнуге, қарапайым эстетикалық әсерлердiң, көру мен есту түйсiктерiн жинақтаудың ұзақ жолынан өткiзу;

қ және танымдық процестердi белгiлi бiр шамада дамыту;

Өмiр құбылыстарын көркемдiк тұрғысынан қабылдау әркашанда дара, әрi таңдамалы. Оның негiзiне әсемдiкке эмоция бiлдiру жатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық, дүниедегi, өнердегi әсемдiкке, адамдардың мейiрбан сезiмiне үн қосады. Мұның өзiнде сәбидiң бастан кешiрген қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор.

өркемдiк тәрбие әдiстерi де алуан түрлi. Олар көп жағдайда: көркем ақпараттың көлемi мен сапасына, ұйымдастыру мен iс-әрекет түрлерiие, баланың жас ерекшелiгiне бағынышты. Бұл жерде педагогтың даярлық деңгейi, шеберлiгi мен қабiлеттiлiгiнiң атқаратын рөлi аз емес.

өркемдiк тәрбие жайындағы ұғымдарды бала әлеуметтiк ортадан, заттық дүниеден, табиғи құбылыстардан, көркем шығармалардан алады. Сондықтан да суреттердiң, ертегiнiң мазмұнын, әуеннiң сазын тұтастай қабылдау өте маңызды. Бұдан әрi педагог балаға дыбыстарды берiле тыңдауға, заттық бояуы мен пiшiнiне зер сала қарауға көмектесу үшiн оның назарын бөлшектердi қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады.

ға теледидардан хабарды көруге, жеке кейiпкерлерге, олардың мiнез-құлықтарына, әдеттерiне ерекше назар аударуды ұсынады.

әрбиешi балалардың көркемдiк әсердi қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әндi, ертегiнi тыңдай, суреттердi көре отырып, тiкелей әңгiмелеп, түсiндiрiп, сұрақтар қою арқылы көркемдiк тәрбиенiң әдiстерi мен тәсiлдерiн көрнекi және ауызша деп бөлуiне болады. Оларға белгiлi бiр талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәндi, эмоциялы болуы тиiс, әйтпесе өнермен танысу кезiгу әсерсiз болады. Сөйлесу барысында балалар суреттiң, өлеңнiң, әннiң мазмұнын немесе тапсырманың мәнiн ғана түсiнбей, кейiпкерлердiң көңiл күйлерiне сәйкес жайды бастарынан кешiру үшiн де жарқын образдылыққа жетулерi қажет.

Әдiстер iс-әрекеттiң ұйымдастырылу формасына байланысты өзгерiп отырады. Көркем өнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар бередi, балаларға орындау тәсiлдерiн өздерi табуын ұсынады, т. б. Мысалы: 1. Көркем жапсыру сабақтарында балалардың жеке бөлшектерден зат құрастыруға немесе тұтас материалдан (саз балшық, ермексаз) жеке бөлшектердi мүсiндей бiлуге мүмкiндiк беретiн әдiс- тәсiлдер қолданылады. Демек, үйрету жеткiлiктi түрде тiкелей өтедi. Баланың дербес iс-әрекет етуiнде үлкендердiң жетекiлiктi жанама ықпалымен шектеледi, ол тек iс-әрекетке итермелеп, еске түсiредi немесе қателердi түзетедi. 2. Өлең мен әндердi жаттап үйренуде де оларды үлкендердiң алдында орындауын, шығарманың мазмұны мен күйiн бiлдiретiн көркемдiк қасиеттерi туралы әңгiмелесудi, көрнекi құралдарды пайдалануды, балалардың мәтiндi бiрнеше рет қайталауын т. б. талап етедi.

өркемдiк тәрбие әдiстерiнiң мәнi балалардың жас ерекшелiгiне де тәуелдi. Сәбилердi әсемдiк әлемiне тарта отырып, тәрбиешi оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде реттiлiк, тазалық болудың қандай тамаша екендiгiне аударады. Ересек топ балаларына үлкендердiң көмегiмен қоршаған дүниенi белсендi "жасампаздықпен", бiрақ олардың шама- шарқы жететiндей етiп өзгерту мiндетi қойылады. Олар бақылап және бағалап қана қоймай, ойын бұрышын, дербес көркем өнер бұрышын безендiруге қатысып, гербарий және басқаларды жасай бiлулерi тиiс. Сөйтiп, бақылағьштықты, дербес әрекет етудi, өз iс-ерекеттерiн жоспарлауды және ойын жүзеге асыруды қалыптастыру әдiстерi тәжiрибеде қолданылады.

ң жас ерекшелiктерiне, даярлық деңгейiне, жеке ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдiстер күрделенiп отырады. Педагогикалық ғылым мен тәжiрибе балалардың эстетикалық сезiмдерiнiң қарым-қатынастарының, ой қорытындылауының, бағалауының тәжiрибелiк iс- әрекеттерiнiң қалыптасуына көмектесетiн неғүрлым тиiмдi әдiстерiн анықтайды:

қ қабылдауын, бағалауын, талғамының бастапқы көрiнiстерiн дамытуға бағытталған сендiру әдiсi;

қоршаған ортаны көркемдеуге және мiнез- құлық мәдениетi дағдыларын қалыптастыруға арналған iскерлiк дағдыларға жаттықтыру әдiсi;

ғармашылық және тәжiрибелiк iс- әрекеттерге итермелейтiн проблемалық ситуациялар әдiсi;

әсемдiкке ұмтылып, эмоциялық - жағымды ықылас тудыратын және қоршаған дүниедегi келеңсiздiкке қарсы сезiмiн оятү әдiсi.

Көркемдiк тәрбие беруде қолданылатын сендiру әдiсiнiң ерекшелiгi оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдайда ғана пайлалану керек. Мерекелiк ертеңгiлiкке, өнер мұражайына саяхатқа барғанда балада эмоциялық сезiмге берiлу пайда болады. Бұл әдiстi көрнекiлiк, сондай-ақ әңгiмелесу әдiсi деп те санауға болады, өйткенi балалардың бақылауларының кез келгенi баланың сезiмi мен ойын оятарлық тәрбиешiнiң сол сәттегi немесе кейiнiректегi түсiнiктемесiмен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлi көркем шығармаларды таңдап, тиiстi iс- әрекет пен жан толқынысын тудыра бiлу маңызды. Педагог балаларға ұсынылатын материалды жақсы меңгеруi қажет. Оның сөзi нақты, мәнерлi болуы тиiс. Баланың назарын түрлi пiшiндегi әсемдiк көрiнiстерiне аударып, тәрбиешi нақты мысалдар арқылы "ненiң жақсы, ненiң жаман" екендiгiне сендiредi.

Үйрету, жаттықтыру әдiсiнiң мәнi - баланы тыңдай, көре, бағалай бiлуге және соған сәйкес белсендi iс-әрекет етуге бағыттау. Жүйелi түрде көркем iс- әрекетке жаттығу, шамасы келгеншс таяу маңды өзгертуге араласу балалардың белсендiлiгiн тереңдетедi. Бұл әдiс көп қайталауды талап етедi. Ол түрлi жағдайларда қолданылады. Жағдайды өзгерту балаға меңгерген дағдыны пайдалануға, одан әрi жетiле түсуге көмектеседi. Өзгермелi жағдайларды көп жаттығу тиiстi нәтижеге ойдағыдай жетуге мүмкiндiк бередi. Мысалы: тәрбиешi балаларды сурет салуда штрихтеуге үйреткенде бiрде сурет контурынан тыс кетпеудi ұсынса, ендi бiрде "шөп үлпiлдек", өсiмдiк сабақтары "үшкiр" болып шығатындай етiп сызуды ұсынады.

қатар, сызба ойын жаттығулар жүргiзудiң маңызы зор. Мәселен: "Әдемi сызықтар", "Затты бейнеле", "Суреттi аяқта", "Ою-өрнектi сызамыз", "Менiмен бiрге сыз", "Сызықтарды қайтала", т. б. Балалар әрбiр тақырыпқа сәйкес сурет салғанда заттық, мазмұнды және сәндiк сурет екенiн сезiну үшiн алдын ала ойын жаттығу жүргiзiледi. Мұнда бейнеленетiн заттың тиiмдi пiшiнi, көлемiне сәйкес қол қимыл қозғалысын икемге келтiру, кеңiстiктi бағдарлау, бейненi көз алдына елестету мақсатында сызба ойын жаттығуларын жүргiзудiң тиiмдi екендiгiн тәжiрибе көрсетiп отыр. Бала қылқаламды қолына ұстай отырып ауада, қағаз бетiне бояусыз сызып затты ойша қиялмен бейнелеугс жаттығады. Содан кейiн барып қарындашпен, бояумен сурет салуға кiрiседi.

Сендiру және үйрету әдiстерiнiң бiр-бiрiнен оқшауланбайтынын бiлу маңызды. Жақсы қылықтардың мәнiне баланы сендiре отырып, тәрбиешi балаларды әдеттендiргендей бұған бiрнеше рет қайта оралады. Игерiлген дағдыларды тәжiрибелiк iс-әрекеттермен бекiту баланың мiнез- құлқындағы сөз бен iс арасындағы алшақтықты жоюга мүмкiндiк бередi: ол маңындағылар жайлы жақсы лебiз бiлдiргенiмен оған қарама- қарсы әрекет жасауы мүмкiн.

ң өсемдiкпен тiкелей қарым-қатынаста болуы қаншалықты маңызды болғанымен, оның өзi жеткiлiксiз. Эстетикалық толғанулар әрдайым этикалық көрiнiстермен байланысты. Эстетикалық және этикалық бiрлiк жас ұрпақты адам ретiнде қалыптастырудың ерекше маңызды белгiсi болып табылады. Әсемдiктi өнердегi, қоғамдағы, тұрмыстағы, табиғаттағы тiкелей әсерiмен ғана сендiрмеу керек, оны бала санасың тәжiрибелiк iс-әрекеттерге тарта отырып, сөзбен де белсендi әсер ету арқылы жеткiзу қажет.

қшадағы көркемдiк тәрбие мәселесi Ресей педагогика ғылымдары академиясының мектепке дейiнгi тәрбие ғылыми зерттеу институттарында бейнелеу өнерi бойынша (Н. П. Сакулина, Т. С. Комарова, Т. Г. Казакова, В. Б. Косминская, Б. ГКовальская, И. Л. Гусарова, Е. А. Флерина, З. А. Богатееза, Т. Н. Доронова, Г. Н. Пантелеев, Н. Б. Халезова, Л. В. Пантелеева, С. Г. Якобсон т. б.), музыкалық iс-әрекеттерге (Н. Ветлугина, И. Дзержинская, Р Зинич, С.ІШоломович т. б.) арнайы зерттеулер жүргiзiп, эстетикалық тәрбиенiң кейбiр жекелеген жақтары арасындағы байланыстар теориялық тұрғыдан негiзделдi. Аталмыш зерттеулер нәтижесiнде дайындалған оқу- әдiстемелiк құралдар орыс тiлiнен 1962, 1977, 1902 жылдары қазақ тiлiне аударылып Республика деңгейiнде тәжiрибеде қолданылды. Ал, қазақ балабақшаларына арналған оқу-әдiстемелiк құралдар бейнелеу өнерiнен жарық көрмедi. Осыған орай, қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы бiлiм академиясының мектепке дейiнгi тәрбие лабораториясында көркемдiк тәрбие мәселесi арнайы зерттеу нысанасына алынып, нәтижесiнде бағдарлама және оқу- әдiстемелiк кешенi дайындалуда.

қшада көркемдiк тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда баланың өзi өмiр сүретiн ортаны бақылату арқылы, көргендерiн есте сақтауға, қабылдауға, арнайы қабiлеттiлiгiн дамытуға көңiл бөлiп, бейнелеу iс-әрекетi дағдыларын меңгерудiң жолдары қарастырылуда. Бейнелеу өнерiнiң түрлерi жайында жас ерекшелiгiне сәйкес алғашқы түсiнiктер берiп, қылқалам шеберлерiнiң туындыларымен таныстыру арқылы көркем өнерге қызығушылыққа тәрбиелеуде "Балбөбек" бағдарламасының "Өнер көзi халықта"- бөлiмi дайындалды. Бұл бөлiмде балаларға көркемдiк тәрбие беруде айнала қоршаған өмiрдегi, болмыстағы, табиғаттағы, көркем өнердегi әсемдiктi қабылдау, оған қызығушылық сезiмдерiн тәрбиелеу, ой-өрiсiн кеңейтiп, көркемдiк таным, түсiнiгiн, сұлулыққа деген сүйiспеншiлiгiн арттыру, көркемдiк талғамын қалыптастыру мақсаты қойылады.

ғдарлама мазмұнына сәйкес жыл бойына жүргiзiлетiн педагогикалық үрдiс барысында тәрбиешi негiзгi белгiленген уақытта бейнелеу өнерiнен балалардың бұрын меңгерген бiлiм- бiлiк дағдыларын қайталап бекiте отырып жаңа материалды игерудiң қызғылықты әр түрлi әдiс-тәсiлдерiн таңдап алып, сурет салу, мүсiндеу және қиып жапсыруға қажеттi құрал- жабдықтарды пайдаланудың тиiмдi жолдарын қарастырады, бейнелеу iс-әрекетiнiң мақсат, мiндеттерiн айқындап алып, оны жүзеге асырудың бағыт- бағдарын белгiлейдi. Суретiн салатын немесе мүсiндейтiн затты немесе құбылысты бақылату, талдау, түр-түсi, көлемi, пiшiнi жайында мағлұмат берiп, оны зердеде сақтай бiлу дағдыларын қалыптастыру көзделедi.

Тәрбиешi бейнелеу сабақтарында ауызша баяндау, сұрак жауап, өткендi қайталау, бекiту жұмыстарынан кейiн жаңа сабақты түсiндiру, үлгiнi талдау, көрсету, бейнелеу iс-әрекетiне бейiмделудiң әр түрлi тәсiлдерiн тақырыпқа сәйкес таңдап, жалпылама ңұсқау берiп iс-әрекетке бағыттайды. Көркемөнер туындыларымен әңгiмелеудi сабақтың мақсатына сәйкес кiрiспе, негiзгi бөлiмде пайдалануға болады. Балалар iс- әрекетке кiрiскеннен кейiн басшылық жасап, жеке нұсқаулар берiп көмек көрсетiледi. Әр баланың бейнелеу iс-әрекетiне қабiлеттiлiгiн ескере отырып бағыт берiледi. Дайын болған жұмыстардың бiрнешеуiн алып тақтаға iлiп, балалардың назарын аудара бастайды. Қалған балалардың да жұмыстарын аяқтау талап етiлiп, еңбек нәтижесiн балаламен бiрлесiп талдау жасайды. Қорытынды ой- пiкiрiлердi өзi айтып, сәттi шыққан жұмыстарды мадақтап үлгi етедi. Кейбiр сәтсiздiктер мен жұмысқа ұқыпсыздықты болашақта қайтала-майтындай етiп ұсыныс жасай отырып ескертедi. Іс- әрекет барысында балалардың шаршағандығы байқалса бой сергiту сәтiн өткiзiп алып қайтадан жұмыстарын жалғастырады. Сабақтың негiзгi бөлiмiнде балаға берiлетiн жүктеме толық берiлгеннен кейiн, еңбек нәтижесiне қол жеткеннен соң қосымша берiлетiн жүктемелер жүзеге асырылады. Содан кейiн 5-10 минут үзiлiстен соң немесе тақырыптың мазмұн үндестiгiн сақтай отырып сабақты ойын әдiс- тәсiлдерiмен жалғастырады.

әрекетiне бейiмдеу жұмыстары әрбiр аптаның бейсенбi күндерiне жоспарланады. Бұл күнi бейнелеу iс-әрекетiне баса назар аударылып, әрекет түрлерi бiрде кезектесiп, бiрде қосарланып балаға берiлетiн түсiнiктер мен iскерлiк- дағдыларды қалыптастыру, жаңа ұғымдарды меңгеру, нақты көрсету, түсiндiру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: ересектер тобында сабақ 9. 00- 10. 00 ға дейiн кешендi түрде өткiзiлiп, қалған уақытта серуенге шыққанға дейiн шағын топпен немесе жеке балалармен жүргiзiлетiн жұмыстармен жалғастырылады. Бос уақытта балалар сабақта меңгере алмай қалған бiлiм- бiлiк дағдыларын жетiлдiрiп немесе қайталауды қажет ететiн педагогикалық мәселелердi қарастырады (10 – 10. 30- ға дейiн). Балалардың ой- қиялын дамытуға, шығармашылық белсендiлiгiн арттыруға, көрнекiлiк iс-әрекетке қызығушылық сезiмiн оятуға бағыт- бағдар жасауына толық мүмкiндiк жасау қажет. Уакытты

тиiмдi пайдалану тәрбиешiнiң iзденiсiне, шығармашылығына, педагогикалық шеберлiгiне байланысты болмақ.

әрекетiн тәрбиелеу мен бiлiм беру үрдiсiнiң басқа салаларымен кiрiктiрiп сабақтас жүргiзу ұсынылады. Жұмысты жоспарлауда алдымен бағдарламадағы жалпы тақырып таңдалады. Мысалы, "Отбасы", "Балабақша", "Ойыншықтар", "Жыл мезгiлдерi", "Қазақстан Республикам менiң", "Жануарлар дүниесi". Бұдан кейiн iс- әрекет түрлерi белгiленiп (мысалы: сурет салу, мүсiндеу, жапсыру), бағдарламаны iске асыруға қажеттi тақырыптар бөлiмiнен сол күнi өткiзiлетiн бейнелеу сабақтарының негiзгi тақырыптары нақты көрсетiледi (бұл әрбiр жас тобының әдiстемесiнде берiлген). Қосымша немесе басқа тәрбие жұмыста-рына кiрiктiрiп өткiзiлетiн тақырыптарды да жоспарлауга болады немесе ол тәрбиешiнiң қалауы бойынша тақырып мазмұны мен сабақтың мақсатына сәйкес таңдалады. Бағдарлама бойынша көркемдiк iс-әрекеттi ұйымдастыруда тәрбиешiлерге қойылатын талаптар:

әрбие жұмысының мақсатын, мiндеттерiн нақты айқындап алу;

қсатына жетудегi қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдердi алдын- ала анықтау;

әрбiр (пәндiк) жеке әдiстемелiк нұсқаулармен жүйелi танысып отыру;

- iс- әрекеттiң бiр- бiрiмен үндесiп, мазмұн сабақтастығының болуын қадағалау;

ң дербес, еркiн, шығармашылықпен әрекет етуiне толық жағдай жасау;

әрбiр тәрбие iсiнiң баланың жағымды мiнез - құлқын, адамдық қасиеттерiн қалаптастыратындай ықпалды болуын кадағалау;

- тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа бiлiм дағдыларын меңгерту;

- апта бойында жалпы тақырып сақталып келiп, негiзгi тiрек ретiнде тәрбие жұмысының бiр түрiн басшылыққа алып, басқалармен сабақтастыра жүргiзу;

ңа материалдар негiзгi аса көңiл бөлiнетiн тәрбие саласына байланысты берiлiп, басқа тәрбие жұмыстарын бекiту, толықтыру, қайталау, еске түсiру мақсатында қолдану;

әр түрлi iс- әрекеттер барысында тәрбиешiнiң басшылығы баланың ойлауына, қабiлетiне, дербестiгiне, шығармашылықпен әрекет етуiне толық мүмкiндiк жасау;

ғы тәрбие жұмысының нәтижесi жинақталып, халық педагогикасы негiзiнде әрбiр жұма күндерi түрлi жолдармен қорытындыланып отыруы қажет.

әрбис жұмысының мазмұны күнделiктi iс- әрекет барысында серуенде, күннiң екiншi жартысындағы жұмыстарда және кешкi жұмыстарда жалғастырылып, тиянақталады (шағып топпен, дарынды балалармен жұмыс ескерiледi).

ған талаптарды ескере келiп, тәрбиешi болашақ қоғам азаматтарын тәрбиелеуде өзiндiк iзденiспен, ынта- ықыласпен балаға деген сүiйспеншiлiк сезiмiн жоғалтпай жүйелi түрде жұмыс жүргiзсе өз- өзiне сенiмдi, өмiрге қабiлеттi, өзiндiк көзқарасы бар ұрпақ тәрбиеленедi деп сенемiз. [8]

ға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан – дүниесiн дамыту.

Құлақтан кiрiп бойды алар, әсем ән мен тәттi күй », - деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай, жақсы ән-күй өзiнiң сиқырлы әуенi арқылы адамның жан дүниесiн әсемдiкке тәрбиелейдi, жақсы қасиеттерiн дамытады. Ал, В. А. Сухомлинскийдiң: «Музыкалық тәрбие - бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегiн айтпаған. Эпос, дастан, ертегi, мақал-мәтелдер, тарихи аңыз әңгiмелер түрiнде бiздiң заманымызға дейiн жеткен халық шығармалары күнi бүгiн де сазды- эстетикалық тәрбие берудiң пәрмендi құралы болып саналады.

Музыкасыз, ойынсыз, ертегiсiз баланың толық мәнiндегi ақыл- ойымен қиялын тәрбиелеу мүмкiн емес. Балабақшалардағы саз жетекшiлерi, сазды- эстетикалық тәрбие берудi мектеп жасына дейiнгi мемлекеттiк стандартқа сай, «Балбөбек» бағдарламасына сүйене отырып, жоспарлап қызықты да, көңiлдi етiп өткiзуге тырысады.

ғымына байланысты түрлi жаңалықтарды тәжiрибемiзге енгiзе отырып, ән-күй сабағымен қатар, тақырыптық сауык кештерiн, ертеңгiлiк сәттердi жиi ұйымдастыру арқылы, ондай бағдарламалардың бала көңiлiнен шығып отыратынын байқадық. Әр сабақтың үлгi жоспарымен таныстыру, қайталау, бекiту, жаңа ән, би үйретумен жүзеге асады.

ға арналған саз - қуанышты сезiмдер әлемi.

ң музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, тану, ажырату, әндi жеке айту, қосылып айту, әннiң сөзiн анық, дұрыс айту, әнi мен сөзi арасындағы бiрлестiгiн, ән мен дене қимылының үйлесiмдiлiгiн бере бiлу, әнге деген сүйiспеншiлiгiн, әсерлену, қызығушылығын қалыптастыру, дамыту - саз жетекшiсiнiң шеберлiгiне, iскерлiгiне, бiлiмдiлiгiне байланысты.

қ қозғалыс сабағында бiлiмдi, тәжiрибелi педагог, балаларды еркiн қозғалысқа, биге үйретедi. Сол арқылы балалардың шығармашылық көрiнiстерiн қалыптастырады.

қ тәрбиенiң негiзгi мақсат-мiндеттерiн баланың жас ерекшелiгiн, шама- шарқын ескерiп, жеңiл саздық репертуарлардан бастап, бiртiндеп күрделендiре отырып жүзеге асырылады.

Ән айта бiлу- бұл үлкен мәдениет. Бiз балаларға ән айтудың өзiндiк сырын, техникасын,тыныс алу кезеңдерiн, дауысты жоғары көтеру сәттерiн, сезiмдiк ерекшелiктерiн түрлi сазды- танымдық, сазды-дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға тырысамыз.

ән- күй сабағындағы ауысып отыратын iс-әрекеттi тиiмдi қолдана отырып жұмыс жүргiзедi.

Ән- күй сабақтарында, саз жетекшiлер түрлi сазгерлердiң өмiрiмен және шығармаларымен үнемi таныстырып отырады. Белгiлi адамдарға арналған әдеби- музыкалық кештер, мерекелерге арналған ертеңгiлiктер, түрлi ойын- сауықтар, өткiзiледi. Мысалы: «Абай мен Пушкин», «Күй сүйемiн!», «Әншi балапан», «Айтыс», «Қыз маржаны, жiгiт сұлтаны» т. б. Саз сабақтарында өткiзiлетiн барлық iс-әрекеттердiң нәтижесi - мерекелiк ертеңгiлiктерден көрiнiс алады.

өмiрiнде, әсiресе бүлдiршiндер үшiн түрлi мейрамдар мен тойлардың ерекше әсем, қуанышты, жадында керемет естелiктер қалдыратыны мәлiм. Барлық балалар бұл мерекелiк шараларға белсене қатысып, мейiрiмдiлiкке, кейiпкерлердiң әрекетiн дербес бағалау шеберлiгiне үйренедi. Сондықтан мерекелiк шараларды балабақша қабырғасында неғұрлым әсерлi, тек қызықтыру ғана емес, бүлдiршiндерге ұлағат боларлықтай етiп өткiзудiң мәнi зор.

ұмысының тағы бiр негiзгi шарты - балалардың жылдан-жылға саздық деңгейiнiң дамуы және сазға деген көзқарасының қалыптасуын анықтау. Сазға икемдiлiк диагностикасы- саз жетекшiсiнiң ең маңызды және жемiстi жұмыстарының бiр бөлiгi. Жеке диагностикалық сабақтар әр баланың саздық даму деңгейiн, ал сазға икемдiлiк диагностикасы –жеке баланың және бүкiл топтың саздық шығармашылығын анықтайды. Баланың диагностикалық негiзiн саз жетекшiсi оның жас мөлшерiне байланысты сараптайды.

ұйымдағы саз жетекшiсiнiң негiзгi мақсатының бiрi - бұл баланың сазға деген қызығушылығын ояту. Бұл, қызығу құбылысының табиғаты өте күрделi. Қызығуды ояту iс- әрекетке жағымды эмоциялық талпыныс тудыру, сазды тану, саздық ойлау, сазды есте сақтау қабiлеттерiн дамыту. Саздық қабiлет шығармашылық кезiнде қалыптасып дамиды. Мектепке дейiнгi ұйымдағы саздық шығармашылықтың әр түрi саз жетекшiсiнiң басшылығымен жүзеге асады.

әсiпқой талантты саз жетекшiсiнiң ең қиын сабақтарының өзi жеңiл әрi қызықты өтуi тиiс. Дәстүрлi жұмыстармен қатар, сабақтарды және түрлi iс-әрекеттердi дәстүрден тыс етiп ұйымдастыруға болады. Мәселен: саз сабағының өзiн түрлi басқа сабақтармен, iс-әрекеттерiн байланыстыра отырып өткiзу және балалардың бойында саздық кейiпкерлендiру шығармашылығын арттыру көптеген жұмыстануды талап етедi.

ң шығармашылық қабiлеттерiн дамыту үшiн бағдарламаға сай еңбектенуде, қазақтың халық өнерiн және жаңа заман бағытындағы өнер негiздерiн ұстана отырып, шығармашылықты дамытуды дәстүрге айналдыру қажет.

қшадағы саз жетекшiсi қандай болса, балалардың жалпы шығармашылық даму қарқыны, деңгейi де соған сәйкес болады. [9. 15]

әуелсiз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетiлгендей, жас ұрпаққа экологиялық бiлiм мен тәрбие берудi жетiлдiру педагогика ғылымында негiзгi мiндеттердiң бiрiнен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейiнгi балалардан бастап жүргiзу - бүгiнгi күннiң өмiрлiк талабынан, табиғи қажеттiлiктен туындап отырған мәселе. Мектепке дейiнгi мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысын жүргiзуде мынандай екi ұстанымдар басшылыққа алу ұсынылады:

ға табиғат туралы қарапайым мағлұмат берiп, оның әдемiлiгiн көрiп, сезiне бiлуге үйрету арқылы рухани жан дүниесiн дамыту;

ә. балалардың табиғат туралы бiлiмдерiн тереңдетiп, оның әдемiлiгiн көрiп, сезiне бiлуге үйрету арқылы рухани жан дүниесiн дамыту.

ұдан балалардың iзгiлiктi – адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастыруда экологиялық тәрбие берудiң құқықтық үлгiсiне сәйкес, экологиялық тәрбие жұмысын адамгершiлiк, эстетикалық және халықтық педагогиканың тағылымы мол мұраларын пайдалану арқылы жүргiзу қажеттiлiгi байқалады. Адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты мақсаттарының бiрi де балаларды туған өлкесiнiң табиғатын сүйе бiлуге, оны қадiрлеп – қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ол – ұлттық тiл көркемөнер туындылары арқылы жүзеге асады. Табиғаттың бағалы саналатын аң – құстарды жақсылықтың жаршысы деп бағалаған дана халқымыз оларға тамаша туындылар да арнай бiлген. Бұған ақын Сырбай Мәуленовтiң мына жолдары мысал бола алады.

ң бойындағы әдемiлiкке, әсемдiкке iңкәрлiгiн (инстинкт) оятып, табиғат сұлулығын сезiне бiлу қасиетiн арттыруда экология тақырыбы таптырмайтын құрал. Айдаладағы орман, өзен – көл, тау – тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрi балалардың ой – қиялын, әдемiлiктi көре бiлу қасиетiн дамытады, талғамын қалыптастырады. Мәселен, ежелгi грек аңыздарында айтылғандай, Марстың жорыққа киетiн дулығасына кептер ұя салғандықтан, ол соғысқа аттануды кейiнге қалдырған көрiнедi. Ықылым заманнан берi әдемi де сүйкiмдi құс – кептердiң бейбiтшiлiк жаршысы саналуы, әдемiлiк символы – аққу, ұлар, ақ қарлығаш – бақыттың бастамасы, игiлiктiң иесi ретiнде бағалануы баланың жан дүниесiн байытады. Бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын – жазушы, ғалым кемде – кем. Мысалы, табиғаттың сұлу көрiнiсiн ақын Ж. Жұмабаев:

ғат - әсемдiктiң төркiнiсiң,

Ән саламын бiр сенiң көркiң үшiн.

Жан – жануар танытып бiр өзiңе,

ұрғандай бар танысын, -

өрнектi педагог В. А. Сухомлинский: « Табиғат әдемiлiгi бала жанының тазалығын тәрбиелеу мен жан дүниесiн дамытуда үлкен орын алады,» - деген болатын. Осы сынды оқыту мазмұнындағы шығармаларды экологиялық тәрбиеге тiрек ету – педагогтың басты мiндетi.

қтық тәрбие хатқа түскен ереже күйiнде емес, тәжiрибелiк негiзiнде жұрттың этникалық мiнезiнде қалыптасады. Болашақ ұрпақты табиғат сырын ұғып – түсiнiп, онымен жақын қарым – қатынаста болуға тәрбиелеуге ерекше мән берген ата – бабаларымыз өмiрдiң өзiнен қалыптасқан кейбiр салт – дәстүрлердi елеп – екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендiрiп отырған. Мәселен, күнделiктi тұрмыс – тiршiлiкте «обал – сауап», «ынсап – қанағат» қағидаларын берiк ұстаған олар табиғаттың ешқандай жанды – жансыз туындыларына қиянат жасамаған. Табиғатпен үйлесiмдi қарым – қатынас жасаудағы дәстүрдiң озық үлгiлерiн кейiнгi ұрпаққа мұра етiп қалдырған. Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулетi, ел дәулетi», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте бiлсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сiңiп, ұлттық рухын қалыптастырады.

қын Мұзафар Әлiмбаевтың:

өтемiз бе киелi не?

Қырсығы бiлместiктiң тиерiн де...

Ұрпағың дал болар ма, ағаш таппай

әдiмгi домбыраның тиегiне, -

өңiл тебiренiсi табиғатты дер кезiнде бағалай бiлуге үндейдi. Табиғат жайындағы ақындардың жан айқайы, өнегелi өсиеттерi – баланың экологиялық мәдениетi мен жан дүниесiн дамытуға баға жетпес дүниелер. [10. 117]

ға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық сезiмдерiн қалыптастыру жолдары.

қшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара тығыз байланысты бiлiмдiлiк және тәрбиелiк мiндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершiлiк және эстетикалық тәрбие беру мақсаты да етеледi.

қшада балалардың өздерi бақылап, бағып-күтiп жүрген жануарлар мен өсiмдiктердiң болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйiспеншiлiкке және соған дағдылануға үйретедi, сондай-ақ бала бойында бiртiндеп тапсырылған iске жауапкершiлiк сияқты қасиеттер де қалыптаса бередi.

ғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзiндiк логикалык ойын, сөз қорының, санасының жетiлуiне әсерi мол екенiн атап көсеткен. Логикалық ойдың, пiкiрдiң дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пiкiр, нақты шешiм айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейдi.

ғы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгiлдерiне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердiң көп болатыны т. б. бала түйсiгiнде iз қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып түседi» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделiктi өмiрмен тығыз байланыстырады. Себебi, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезi аз емес.

Бес жастағы бала жылдың төрт мезгiлiн бiр-бiрiнен ерекшеленетiнiн толық айтып бере алмайды. Бiрақ, күзден кейiн қыс, көктемнен кейiн жаз келетiнiн бiледi. Сонымен қатар бала күнделiктi көрiп жүрген қой-ешкi, сиыр мен жылқы сияқты үй жануарларын, хайуанаттар әлемiнен көрген ит, қасқыр, түлкi, сияқты аңдар мен құстарды таниды. Олар жайлы өзiндiк ой- түйсiктерi болады. Мысалы: кiрпi қыста ұйықтайды, жазда орманда жүредi, оның үстiндегi тiкенiне қандай зат түсетiн болса /жапырақтар, жидектер т. б./ сонымен қоректенедi- деген сияқты. Бес жастағы бала табиғаттағы шындық пен ертегiдегi жағдайларды бiр-бiрiмен шатастырады да, оларда мынадай ойлар тууы мүмкiн. Мысалы, «аю бармағын жалайды», «аю жылыну үшiн ағаштың дiңiне тығылады». Шындығында аюдың, кiрпi, борсық т. б. жануарлардың қыста ұйықтауының өзiндiк биологиялық мәнi бар. Балаларда табиғаттағы заттарды бiр-бiрiмен салыстыру, олардың бiр-бiрiнен қандай айырмашалығы бар, осы жайлы өзiндiк ойлар туа бастайды.

ғаттағы заттардың, жануарлардың, өсiмдiктердiң бiр-бiрiнен қандай айырмашылықтары арқылы ерекшеленетiнiн ғалымдарымыздың мынадай тұжырымдары анықтай түседi. Мысалы, "жануарлардың пiшiнi, түр-түсi, сыртқы жамылғысы т. б, арқылы салыстырады. Бұл жастағы бала мысық пен кiрпiнi былай салыстырады: кiрпiнiң терiсi инелер, мысықта терi, ал терi кiрпiнiң бауырында ғана болады, мысықта мүлде инелер болмайды және т. б. Бала осы сөздермен мысық пен кiрпiнiң ерекшелiгiн толық сипаттадым деп ойлайды, ал шын мәнiндегi ой-түсiк кейiн келе қалыптасып, жетiле бередi. Осыған сәйкес , «Өсiмдiктер әлемi» тақырыбын өткенде, балаларды балабақша ауласындағы ағаштармен, гүлдермен, шөптермен таныстырып, олардың жылдың әр мезгiлiне сай өзгерiп отыратындығын түсiндiрiп өткен жөн.

ғы балаға қыста ағаштардың жапырақтары түсiп, қураған сияқты болып көрiнедi, бiрақ ол ағашта қыста да тiршiлiк үзiлмейтiнiн айтып түсiндiру керек. Ерте көктемде ағаштың 2-3 бұтағын кесiп, топта суға салып қою арқылы одан бүршiк өсiп шығатынын, демек қыста да өсу процесi тоқталмайтынына балалардың көздерiн жеткiзуге болады.

өсiмдiкке қамкорлыққа, жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиешiнiң күнделiктi тiкелей басшылығымен тәрбиеленедi, сондықтан тәрбиешiнiң күнделiктi iс-қимылын бала бақылай отырып қайталайды /тәрбиешiнiң өсiмдiктерге су құйып, жануарларды тамақтандыру т. б. /

ұл орайда осы жастағы баланың «еңбекке» деген қабiлетi басқа қасиеттерiнен басым болатындығын әр тәрбиешi есiнде ұстағаны жөн. Сондықтан, оларға жұмыс /тапсырма/ бергенде аяғына дейiн тиянақты орындалуын қадағалап, мақсатын дұрыс ұғындыруы қажет. Осындай жағдайлардан кейiн бала шын көңiлiмен, ынтамен орындауға кiрiседi. Мысалы, өсiмдiктi суаруда, оған су өте қажет, өйткенi ол сусыз өмiр сүре алмайды және әр мезгiлде суды әрқалай қабылдайды, жазда суды көп қажет етедi, себебi: күн ыстық, қыста керiсiнше және өсiмдiктiң жаңадан шығып келе жатқан жапырақтарына зияны болмауы үшiн қуарған жапырақтарын алып тастауы керек т. б. ақиқатты баланың есiне салып өту артық емес.

қ процестi ұйымдастырудың мазмұны мен принципi балабақшадағы тәрбие жұмысының бағдарламасында балаларды жылдың төрт мезгiлiмен жеке-жеке таныстыру керектiгi көрсетiлген. Себебi әр мезгiлдiң өзiндiк ерекшелiктерiне сәйкес, қайталанбас құбылыстар олардың ой-пiкiрiн ұштап, жетiлдiрiп, сыры мен мәнiсiн сезiнуге жетелеуi қажет. Табиғаттың мезгiл бойынша өзгеретiн сан алуан құбылыстарын бiлгiсi келген мақсатта балалардың тарапынан бiрнеше сұрақтар қойылады. Мәселен, «неге құстар күз мезгiлiнде ұшып кетедi?», «Қар неге еридi?» «Мұз неден пайда болады?» т. б. Мұндай сұрақтар баланың логикалық ойлау қабiлетiнiң, сөз қорының дамуына мүмкiндiк бередi.

Балабақшада тәрбиеленетiн бала жыл мезгiлдерiн бiр-бiрiнен толық ажыратып, әр мезгiлдiң өзiне тән құбылысын ерекше атап беру қабiлетiне ие болуы тиiс. Жылдың әр мезгiлiне тән құбылыстар кейде барлық маусымда болуы мүмкiн, оны балаларға қалай түсiндiруге болады, соған тоқталсак, мысалы, жаңбыр көктемде де, жазда да, күзде де? жауады. Бiрақ әр мезгiлдiң жаңбырының өзiндiк ерекшелiгi бар, жаздағы жаңбыр iрi, тез жауып өтедi, жылы; күздегi суық, ұзақ жауады; көктемдегi — найзағайлы, суық, ұзақ жауады, кейде соңынан кемпiрқосақ көрiнедi. Бағдарлама бойынша бес- алты жасар баланың табиғатқа дұрыс көзқарасын қалыптастыру педагогикалық iс-әрекетке байланысты, соның барысында iске асады.

ң өзгеруiне байланысты табиғи ортаның өзгеруiне толық көз жеткiзу үшiн ғалымдарымыз мынадай әдiс-тәсiл қолданған.

Төрт мезгiлде де балаларды бiр табиғи ортаға /өзен жағасына / алып барған. Бұдан балалардың осы ортаның әр мезгiлде қандай өзгерiсте болатынына көздерi жеткен. Тәжiрибе бойынша балаларға әр мезгiлдi 3-ке бөлiп / басы, ортасы, соңы/ түсiндiру немесе саяхатта мақсатты серуендер арқылы көз жеткiзу оларға үлкен әсер қалдырады. Саяхатқа бармас бұрын тәрбиешiнiң жоспары болуы тиiс. Онда саяхаттың мақсаты, тәрбиелiк мәнi, қандай сұрақтар қойылуы тиiс, қандай әңгiме-жұмбақ айтуға болады, бұның алдындағы саяхаттан қандай ерекшелiгi бар, осыларды мейлiнше қамту қажет /бала жасының өсуiне байланысты тәрбие жұмысының мазмұны да күрделене беруi тиiс/. Табиғатқа серуен кезiнде, түрлi дидактикалық қимылды ойындар ойнату, бiрiгiп пайдалы еңбек ету, қызықты әңгiмелер айтып беру, балалардың әңгiмесiн тындай бiлу — осының бәрi тәрбиешiнiң жеке басының шеберлiгiне байланысты. [11. 34]

Қазiргi таңда адамзат ауасын жұтып, суын iшiп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тiршiлiк қамы, табиғи қажеттiлiк. Сондықтан да бүлдiршiндердi айналадағы табиғи ортамен үнемi қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазiргi балабақшадағы тәрбие iсiнiң өзектi тармақтарының бiрi болып табылады.

қшадағы тәрбиенiң мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнiнде қарапайым бiлiм бере отырып, тiрi жөне өлi табиғаттағы құбылыстар жөнiнде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесiндегi ғажайып құбылыстар, анасынан тiрi туылғанмен, жетiлмеген, дәрменсiз, елжуаз халде болғандықтан енелерiнiң қарнындағы терi қатпарларының түзiлген қалтада сүтiн емiп, өсiп жетiлетiн Австралияның қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тiршiлiк ететiн қалталы кiшкентай аю, тиын, кенгурудiң суретiн көрсете отырып әңгiмелеу арқылы балалардың қиялына қанат бiтiру.

қшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенiң негiзгi салалары болып есептелетiн адамгершiлiк, эстетикалык, еңбек тәрбиелерiнiң желiсiнде және халыктық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргiзсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса бередi. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекiлiктердi қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар, мен тәрбиешiлердiң бiрлескен жұмысының нәтижесiнде табиғат туралы шағын кiтапхананы өлi және тiрi табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз», «Құстар күнi», «Табиғатты сүйемiз», т. б. ертеңгiлiктер бала еңбегiмен ұштасып, әр педагогтiң iзденiмпаз әрекетi ғана болашақ табиғат жанашырын тәрбиелей алады дей келiп, тәрбие жұмысын жүргiзудiң мынадай екi нысанасына назар аударамыз:

ң айналадағы табиғатқа деген сүйiспеншiлiгiн оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдiгiн нәзiк сезiнуге, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қамқорлықка алуға баулу.

Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым бiлiм берiп, осының негiзiнде тiрi және өлi табиғаттағы құбылыстар жөнiнде нақты және жалпылама таным-түйсiк қалыптастыру. Табиғат туралы бүлдiршiндердiң ой- өрiсiн кеңейтiп, осы түйсiктер арқылы бүлдiршiндерге табиғат сырларын ұғындыру жөнiндегi экологиялық тәрбиенiң ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз:

ұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдерi өзiнiң жоғары даму денгейiне жетедi. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенiң қозғалуы мен тежелуi ширығып, күшейедi, тепе-теңдiк сипат алады. Абстракты ойлау бiршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуiр жетiледi, табиғат туралы кәдiмгiдей түйсiк таным қалыптасады. Ол ендi табиғаттың өзiне тән кейбiр құбылыстары мен қасиеттерi жайында бiлетiн болады. Ойын мен еңбек әрекетi ұштаса жүредi. Табиғат құбылыстарының кейбiр заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзiмдi қайталануымен таныстырылады, осының негiзiнде табиғат құбылыстарын реалистiк тұрғыда ұғынуы, бiлуге құлшынысы, байқап- көре бiлуi, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалык тұрғыдан қарау сезiмi қалыптаса бередi.

Өсiмдiктер туралы ұғымдары кеңейтiлiп, оның iшiнде күнбағысқа т. б. өсiмдiктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуiне байланысты аталатын және дәнiнен май сығып алып, күнделiктi өмiрде пайдаланатындығын айтып әңгiмелеу, олардың сондай-ақ өсуi үшiн белгiлi бiр жағдайлар - топырақ, ылғал, күннiң нұры, жылуы керек екенi түсiндiрiледi. Кейбiр жануарлардың өсiп дамуы жөнiнде балалардың бiлiмi толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшiгiн, мысық баласын өз сүтiмен асырайтындығы түсiндiрiледi. Балалардың жабайы хайуандар /қасқыр, аю, түлкi, қоян, кiрпi/ олардың тiршiлiгi, қорек табу әрекетi жөнiндегi ұғымдары кеңейтiледi.

ң өлi табиғаттағы, өсiмдiктердiң құстар мен аңдардың тiршiлiгiндегi күзгi өзгерiстерi туралы нақты түсiнiктерiн кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбiр құбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсiмдiктер мен жануарлар тiршiлiгi арасындағы байланыстың реттiлiгiн анықтап «күз» ұғымының мәнiсiн айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмiрiнде бiрте-бiрте болатын өзгерiстер: жапырақтардың түсуi, құстардың жылы жаққа ұшып кетуi жайындағы ұғымдарын бекiту. Күзде балабақша егiстiгiндегi көкөнiс жинау, қазып алу, ауланы тазарту /жапырақтарды жинап бiр жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесiп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгiмелесулерде күз туралы түсiнiктерi нақтылана толықтырылып бекiтiледi, диафилъмдер көрсетiледi.

ң қысқы ауа-райының сипатты белгiлерi ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың тiршiлiгi туралы бiлiмдерiн кенейту және қорытындылау мақсаты көзделедi. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезiмiн тәрбиелеудi жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын берiп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретiн салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы ұғымын толықтыра отырып, күнделiктi байқау, кештiң ерте түсуi, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына / қардың жаууы, аяз, боранның болуы/ назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздерi суықтан бал-бұл жанған балалардың ақ қар, жылтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттерi бейнеленген картиналар арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ шана» атты қимылды ойындарын ойнату. Адамдардың еңбегiмен көшенi, жолды тазарту, қарды күреу /балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулерi. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгiмелесу, қыс қызығын тамашалаумен қатар, қысқы табиғатты қорғай бiлуiне назар аудару.

ғаттың көктемгi құбылыстары, олардың себептерi туралы, көктемдегi адамдардың еңбегi жайында балалардың бiлiмдерiн толықтыру қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлi табиғаттағы өзгерiстердi /күннiң ұзаруын, сеңнiң жүруiн, өсiмдiктер дүниесiндегi ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашкы жапырақтың шығуын, көктемгi гүлдердiң гүлденуiн байқау. Жәндiктердiң iс- қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсiктерiн толықтыру. Құстардың ұшып келуiн, ұя салып, балапандарына жем беруiн бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгiмелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнiнде әңгiмелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды терiп жейтiндiгiнен «ағаш дерiгерi» аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр деймiз, ал шын мәнiнде үнемi «жұмыс iстеп» құрттарды аулап жүретiнiн, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суретi салынған көрнекi құралдарды пайдалана отырып әңгiмелеу. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты мультфильмдi пайдалану. Көктемнiң алғашқы гүлi бәйшешекке тоқталу, тақпақ жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретiн салғызу.

ғы көктемгi жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегiне тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсiмдiктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.

үннiң жарығы мен жылудың әсерiнен өсiмдiктердiң өсiп жетiлуi жөнiндегi бала ұғымы кеңейiп, жинақталады, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар мен шөптесiн өсiмдiктердi айыра бiлуге үйрету ескерiледi. Адамдардың гүлзарлардағы, егiстiктердегi еңбегiмен таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйiспеншiлiк, ұқыпты қарау сезiмiн тәрбиелейдi. Балалар арам шөптердi отап, гүлдердiң тұқымын жинауды үйренуi тиiс. Тәрбиешi күнделiктi серуен кезiнде аспанға назар аударады (бұлтты, бұлтсыз сөздерiнiң мағынасын түсiндiру). Жаңбырдың жаууы кезiнде тәрбиешi балаларға оның бұлттан жауатындығын түсiндiредi.

әрбиешi балаларды әдемi гүлмен, жағымды иiсiмен қызықтыратын шөптесiн өсiмдiктермен таныстырады. Ойлау қабiлетiн дамыту үшiн өсiмдiктердi атағанда кейбiр өсiмдiктердiң атауларына және олардың ерекшелiгiне назар аударған дұрыс, мысалы: жолжелкен — жол бойында өседi, шырмауық — басқа шөптерге оралып, шырмалып өседi, т. б. Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшелiктерi туралы бүлдiршiндердiң ой-өрiсiн дамытып, толықтыру, өсiмдiктердi күту, жануарларға қамқорлық жөнiндегi адам еңбегiне тоқталу. Жаз күнiнiң ұзактығы, жаңбыр, найзағай, кемпiрқосақ туралы түсiнiктерiн нақтылау. Серуен, экскурсия кезiнде жаздың әр кезеңiнде гүлдейтiн өсiмдiктердiң, жемiстердiң пiсуiн, құстардың көбеюiн бақылау. Гүлдердi жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелердi безендiру. Табиғат бұрышында балалар бөлме iшiнде өсiмдiктердi суарып, гүлдердiң түбiн қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады, өсiмдiктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайда болуы арасындағы байланысты анықтауға үйретiледi. Табиғат мүйiсiнiң эстетикалық көркемдiгiне балалар назарын үнемi аударып отыру. Бұл топта тәрбиешiнiң картиналарды, диафильмдер мен көркем әдебиеттi оқуды пайдалану арқылы әңгiмелесулерiне көп орын берiледi және табиғат құбылыстары туралы өз елiнiң табиғатын қорғап, қамқор бола бiлу қасиетi бойына сiнiрiледi.

қшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бiр арнасы — адамгершiлiк тәрбиеге саяды.

әрбиесiнiң мәнiсi баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенiн табиғатына деген сүйiспеншiлiгiн, қамқорлығын арттыруды көздейдi. Туған өлкеге сүйiспеншiлiктi тәрбиелеудiң негiзгi құралы — ұлттык тiлi, мәдениетi, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегi, жұмбак, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз- әңгiме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тiлiнiң құдiреттiлiгiн сезiнумен қатар, оны сүюдi үйренедi. Адам табиғат пен өмiрдiң бар қызығын ән- жырға қосып, онын әдемi де сұлу көрiнiстерiн бала санасына ән арқылы жетiкiзе бiлген.

қымыздың қандай ән- әуенi болмасын мейiрiм- шапағатқа, мәндi мазмұнға, ұлағатты тәлiм- тәрбие, терең философияға негiзделе жазылған. Сондықтан да ол сезiмге әсер етiп, балалардың мiнез-құлқы мен адамгершiлiк қасиеттерiн, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етедi. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткiзумен бiрге, өмiр сүрудiң негiзгi көзi адал еңбекке де баули бiлген. Оларга арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегiлер шығарып, күнделiктi бала тәрбиесiне қолданған. Тәрбиенiң осындай мол мұралары арқылы баланың сезiмiн оятып, рухани дүниесiн байытқан, айнала қоршаған дүниенi танытып, еңбекке баулыған және де табиғат әсемдiгiмен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңардың үй жануарларының үнiмен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.

қ тәрбие нысанасы- баланың бойындағы әдемiлiк, әсемдiкке iңкәрлiгiн /инстинкт/ оятып, табиғат сұлулығын сезiне бiлу, сүйiне бiлу қабiлетiн ұстарту, көзiн ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудiң бiрден-бiр құралы болып есептеледi. Айналадағы орта, орман, су, тау- тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем даусы, жануарлар дүниесi олардың барлығы бала жанына әсер етiп назарларын қытықтап, табиғат әсемдiгi туралы түйсiгiн тоғайтады. Тәрбиешi балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемiлiктi түсiнiп, сезе бiлуге, күн сәулесiнiң шуағын, жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсiнуге баулиды. Балалардың зейiнiн табиғат жанашырларының iс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерiн бақылатады, мұның бәрi балалардың эстетикалық сезiмiн оятып, еңбектене бiлуге, табиғат байлығын оның әсемдiгiн жанашырлықпен қорғауға үйретедi.

қ тәрбиенiң мәнiсi тек баланың әсемдiк атаулыны көре бiлуге үйретуде ғана емес, сонымен бiрге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдiк атаулыны жасауға белсендi түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейiнiн табиғатта жұмыс iстейтiн адамның еңбегiне аударып, олардың әсем де ептi қимылдарын бiрiге отырып бақылауы шарт, мұның бәрi балалардың эстетикалық сезiмiн оятып, еңбектi сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемiлiгiн аялауға үйретедi. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгiлдерiнiң ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделiктi еңбек әрекетi мұның бәрi бала түйсiгiнде iз қалдырмай қоймайды.

әрбиешi балаларға табиғаттағы әдемiлiктi сезiнiп, көре бiлуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкiл дүниежүзiлiк ғылым мен мәдениеттiң алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзiнiң педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезiмiн қалыптастыруда үш нәрсенi негiзге алады:

ң iшкi ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабiлетi.

Ұстаз- тәрбиешiнiң шеберлiгi, ар тазалығы, шәкiрт алдындағы адал жауапкершiлiгi.

әрбие үрдiсiнiң алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, iскерлiк, ұйымшылдық, құмарлык және әдiлеттi бағалау қатар жүруi шарт делiнген.

қшадағы еңбек тәрбиесiнiң басты нысанасы- баланы сәбилiк шағынан қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балабақшадағы еңбек тәрбиелiк- бiлiмдiк жұмыс жүйесiн ұйымдастырудың амалы ретiнде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйiсiнде үнемi жұмыс жасау өсiмдiктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюiне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседi, еңбексүйгiштiк пен басқа да адамгершiлiк саналарының қалыптасуына ықпал етедi. Істелген iстiң мәнiн, оның мақсатын жете түсiнуi үшiн балалардың қандай да болмасын бiр тәсiлдi меңгерiп қана қоймай, оның нелiктен керек екендiгiн де түсiнгендерi өте маңызды. Сондықтан дәндердi себудi, көшеттердi отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек түрлерiн көрсете отырып, түсiндiрулер арқылы толықтыру қажет болады. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдiс түрлерiне үлкен адамдардың еңбегiмен, тәрбиешiнiң өзiнiн еңбек үлгiсiмен танысу, балаларға әртүрлi еңбек түрлерiн тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешiнiң кейде бүкiл топтың iстеген жұмысына баға беруi жатады.

ңбек тәрбиесi болашақ қоғам мүддесi үшiн еңбектене бiлетiн, ойлау қабiлетi жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы- еңбек. Баланың жеке басының еңбекке бейiм болып өсуi оны еңбек тәрбиесiне баулуға тiкелей байланысты. Балабақшадағы дұрыс ойластырылған еңбектiң орны ерекше, мұндай еңбек тәрбиесi барысында бала дұрыс әрекет жасап айналадағы орта жайында алғашқы мағлұматтар алады, айналадағының бәрiне қызыға қарайды, еңбектi жақсы көруге әдеттенедi. Балабақшаның ересектер тобында тұрмыстық- шаруашылық еңбек пен табиғат бұрышындағы өсiмдiктер мен жануарларды күту, гүл, жемiс, көкөнiстердi өсiру, т. б. еңбек түрлерi жатады. Мұндай еңбек түрлерi балалардың бiлiм- құмарлык, бақылағыштық, табиғатқа жаңашырлық, ұйымшылдық сиякты адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiредi. Табиғат аясындағы еңбек тәрбиесi баланың айнала қоршаған орта туралы талғамын дамытып, әдемiлiкке әуестендiрiп, адамгершiлiк қасиеттерiн қалыптастырады, ақыл-ойын, қиялын ұштап, ересектер еңбегiн бағалауға үйретедi.

ңбек тәрбиесiн ұйымдастырудағы тәрбиешiнiң орынды пайдаланылған мақал-мәтелдерi бала санасында еңбек туралы айшықты iз қалдырып, айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынас қалыптастырады.

4. Халықтық тәлiм-тәрбие арнасы халыктың ауыз әдебиетiнен, салттарынан, әдет-ғұрыптарынан, ырымдарынан, балалар ойындары арқылы жұрнақталған бiлiм, педагогикалық мағұлматтар мен тәрбие тәжiрибесiнен тамыр тартады. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көрiп сүйе бiлуi және оған деген аялы алақаны мен абзал қамқорлығы қанымызға да тұла бойымызға да ананың ақ сүтi арқылы дарығанын мақтаныш сезiммен айта аламыз.

қ даналығындағы «орман- жер сәулетi, ел дәулетi», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлдi үзбе», «көктi жұлма», «құмырсқаның илеуiн бұзба», «көкмайсаны таптама», т. б. аталы сөздерi бала санасына сiңiп, адамгершiлiк өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелi өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелi ой-пiкiрлер экологиялық мәдениетiмiздi қалыптастыруда өте құнды арна саналады.

қымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйiндеген екен: «...қазақтың Наурызы- дiн мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игi iс жасайтындай етiп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесi табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгерiспен, күн мен түннiң көктемгi тең келуiмен тiкелей сәйкес келедi. Мұның өзi ерте дәуiрлердiң өзiнде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға бiлгендiгiн және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай бiлгендiгiн аңғартады. Наурыз ұғымы қазiргi кездегi жаратылыс тану ғылымында көбiрек айтылатын табиғи тепе-теңдiк /кейде оны экологиялық тепе-теңдiк деп те атайды/ деген пiкiрлермен сабақтасып жатады».

ң тойлануындағы халыктық тағы бiр түпкi мақсат- өзiн қоршаған ортадан игiлiк атаулының көзiн ашу. Оған көзi бiтелiп қалған бұлақ, бастау қайнардың көзiн ашып, тiршiлiкке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игiлiктi жұмыстарды ұйымдастыру жатады.

қымыздың табиғатқа деген сүйiспеншiлiгiнiң және оны көздiң қарашығындай сақтап келуi жайында қазiргi ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұра, даналық ұғымдар, мақал-мәтел тәрбиелiк тағылымы мол аңыз-әңгiмелер аз емес. Табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелi өсиеттер, ойлы пiкiрлер экологиялык тәрбие беруде және болашақ ұрпақтың экологиялық мәдениетiн қалыптастыруда өте құнды құрал.

Қазақ халқының тәлiмдiк макал-мәтелдерi, бұрынғы бабалардың көрген-бiлген, кеңiлге түйген, бастан кешкен оқиғалардан қорытқан, ғасырлар бойғы уақыт елегiнен өткен ақыл-ойының жиынтығы.

әрбиесiндегi өзiндiк орны бар ерекше жанрлардың бiрi — жаңылтпаш. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, дұрыс, еркiн сөйлеуiне, ана тiлiн еркiн игеруiне себiн тигiзедi, мазмұнында терең мән-мағына, үйлесiмдi ой жатады.

Халық тәрбиесiнде баланың ой- өрiсiн дамытып, кеңейту, тiлiн ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабiлетiн жетiлдiру үшiн жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмiрде кездесетiн тiршiлiкке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздерiне тән белгiлерi арқылы бейнеленедi. Айтылған нәрсенiң сол сипат-белгiсi бойынша шешуi табылады.

Ғасырлар бойы санасына сiңiп, сараланып жеткен дәстүрдiң бiрi ырымдар, тиым сөздер. Әрбiр сөздiң негiзiнде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершiлiкке, көрегендiлiкке қажеттi қасиеттердi уағыздап, жаман әдет, iс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейдi.

үнi бүгiнге дейiн тәрбиелiк мәнiн жоймаған осындай ырымдар баланы iзгiлiкке, адамгершiлiкке, имандылыққа тәрбиелеудегi тиiмдi құралдардың бiрi болып саналады. Бәрi де табиғат- анадан арна тартады! [12. 52]

әжiрибелiк жұмыс

қырыбы: қсу – Жабағлы қорығы

қсаты:ң туған табиғатқа деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, оның әсемдiгiн терең сезiнуге, әсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қамқорлыққа алуға тәрбелеу.

қ балабақшада табиғат жөнiнде қарапайым бiлiм берудiң негiзiнде тiрi және өлi табиғаттағы құбылыстар жөнiнде нақты және жалпылама түсiнiктердi қалыптастыру.

ққа керектi құрал-жабдықтар: Әр түрлi жабайы жануарлар (қуыршақтар), шыршалар, құстар,гүлдер, атрибуттар, табиғи материалдар, пластелиндер, тақтайшалар, сүрткiштер, әр түрлi бояулар, ақ кағаздар, қылқаламдар, сахналауға Бүлдiрген және Қоян бала.

Әдiстемелiк тәсiлдер:қ, көрсету, айтқызу, үйрету, сұрак-жауап, ойын пайдаланылады.

қ балалардың:Ән әуенiмен топка кiрiп, қонақтармен сәлемдесуiнен басталады.

әрбиешi:ң елiмiз қалай аталатынын бiлесiңдер ме? - Егемендi Қазақстан Республикасы.

әрбиешi:Қазақстан туралы тақпақ айтады?

Қазақстан - жеңiстi ала гүлдер,

Қазақстан жеңiстi, тасқынды лала гүлдер.

Қазақстан әлемдi елеңдетiп.

қоңырдан зулаған корабльдер.

2 әндi даласы бар,

қ күмiстей қаласы бар.

ұлу, неткен көркем,

ң туған өлкем.

әрбиешi: үгiн бiз осы өзiмiздiң Төлеби ауданындағы Ақсу Жабағлы қорығына саяхатқа барамыз. Балалар, қазiр жылдың қай мезгiлi?

өктем мезгiлi.

әрбиешi: өктем мезгiлiнде неше ай бар?

- Үш ай. Наурыз, сәуiр, мамыр айлары.

әрбиешi: өктем мезгiлiнде ауа-райы қандай?

үн жылы, арықтарда су көбейедi, жаңбыр жиi жауады, шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршiк атады, құстар жылы жақтан ұшып келедi, аюлар ұйкыларынан оянады.

әрбиешi: ұрыс. Ал көктем туралы кiм тақпақ айтады?

Қар ерiдi күн шықты,

үндер туды шуақты.

қ дала келбетi,

үктi кiлем секiлдi.

әрбиешi: ғы бiр айтып кететiн жай, қорыққа бару үшiн бiраз нәрселердi еске түсiрейiк.

қ табиғаттағы өздерi қастерлеген жерлердi "Әулие бұлақ", "Әулие ағаш" деп атап, оларды көздiң карашығындай қорғап отырған.

қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиеттi санап, жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игiлiктiң иесi деп ұғып, ұясын бұздырмай, қорғаған, ал балапандарын алуға не өздерiн өлтiруге мүлде рұксат етпеген.

әрбиешi: ұрыс-ақ екен. Осы табиғатты өлi және тiрi табиғатты кiм атап бередi екен?

ғат: Адам, жануарлар, жәндiктер, микробтар, құстар.

Өлi табиғат: Күн, ауа, су, тас.

әрбиешi:ғат туралы кiм тақпақ айтып бередi?

қойылымы керсетiледi. Құстарды атқалы бүлдiрген жүгiрiп жүредi.

Бала:қта, Бүлдiрген, құстарды атпа. Сенiң мұның жарамайды. Құстарды атуға болмайды, жануарларды өлтiруге болмайды. Гүлдi үзуге, ағаштарды сындыруға болмайды. Оны сен неге бiлмейсiң?

Бүлдiрген:ңдер, балалар, ендi мен құстарды атпаймын, балапандарды өлтiрмеймiн.

әрбиешi:үлдiрген, ендiгi бұл әдетiңнен тиыл, сен бiздiң балалармен бiрге саяхатымызды жалғастыр.

үлдiрген: -Жақсы. Мен де балалардан жақсы әдеттердi үйренейiн.

әрбиешi:әрiн еске түсiрдiк. Ендi көктем туралы ән айтайық. Балалар "Көктем" әнiн орындайды. "Кiм күштi" ертегiсiн сахналау.

әрбиешi:қараңдаршы, мына жақта орындықтар, үстелдер тұр. Кәнеки, көрелiк. Бұл аңдар мектебi екен. Қараңдар табиғи материалдар да бар көрiнедi. Содан бiз қазiр осы табиғи материалдардан орманнан қандай жануарлар, құстар көрдiк, солардың мүсiндерiн жасайық. Балалар ән ырғағымен жұмыс жасайды. Мақал-мәтелдер айтылады.

ғат - төл анамыз,

қойылымы көрсетiледi. Қоян бала жылап жүгiрiп келедi.

Қоян:қалдым. Көмектесiңдершi.

әрбиешi:қта, Қоян бала, сенiң атаң мен әжең қайда тұрушы едi?

Қоян:қ мен жолды ұмытып қалыппын.

әрб и ешi:әрсе етпес, бiздiң балалар саған шамалап сурет салып берер, сол кезде есiңе түсер.

Қоян:өп-көп рахмет.

Мен сендерге ризамын.

"Сиқырлы қорап" ойыны ойналады.

ң бәрi косылып, "Жайлауда" әнiн орындап, ата мен әженiң аулына қоянмен қосылып жүрiп кетедi.

Қорытынды

ңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеудi көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие iсiнiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесiнiң табиғатын сүюге, оны аялай бiлуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершiлiгiн күшейтуге, табиғатпен бiрге өмiр сүретiнiн сезiнуге үйрету мақсат.

ғатқа деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көрiп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене бiлуге үйретудiң маңызы зор.

үниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

ғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсiнiктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткiзетiн қор болып табылады. Ол әртүрлi табиғи құбылыстарды жете түсiнудi өз ойын жеткiзе бiлу өнерiн бiрге дамытады.

ғатты танып, бiлу - мектепке дейiнгi жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиенi бере отырып, сонымен бiрге оны қорғай, аялай бiлуге үйретедi.

ғат әлемi таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерiнiң алуандығын көре бiлмейдi. Табиғат балаға күнделiктi әсер етедi. Бiрақ балалар көп нәрсенi байқай бермейдi, үстiрт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейiрiмдiлiкке, адамгершiлiкке, жақын адамдарға қамқор бола бiлуге көмектеседi. Балар үшiн табиғат – бұл әр түрлi табиғат құбылыстарды танудың және сөздiк қорын байыту көзi. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабiлетiнiң дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етедi.

Тегiнде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бiрлiгi ретiнде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезiм мен тебiренумен тығыз байланысты. Әсемдiкке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезiмнiң ерекшелiгi болып табылады.

Тәрбиешi баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсiну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пiкiр, эстетикалық баға беру қасиетiн қалыптастыруға дейiн жетелеп отыруы тиiс.

ғы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгiлдерiне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердiң көп болатыны т. б. бала түйсiгiнде iз қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып түседi» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделiктi өмiрмен тығыз байланыстырады. Себебi, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезi аз емес.

қ тәрбиенiң мәнiсi тек баланың әсемдiк атаулыны көре бiлуге үйретуде ғана емес, сонымен бiрге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдiк атаулыны жасауға белсендi түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейiнiн табиғатта жұмыс iстейтiн адамның еңбегiне аударып, олардың әсем де ептi қимылдарын бiрiге отырып бақылауы шарт, мұның бәрi балалардың эстетикалық сезiмiн оятып, еңбектi сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемiлiгiн аялауға үйретедi. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгiлдерiнiң ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделiктi еңбек әрекетi мұның бәрi бала түйсiгiнде iз қалдырмай қоймайды.

ға табиғаттағы әдемiлiктi сезiнiп, көре бiлуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкiл дүниежүзiлiк ғылым мен мәдениеттiң алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзiнiң педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезiмiн қалыптастыруда үш нәрсенi негiзге алады:

1. Баланың iшкi ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабiлетi.

Ұстаз- тәрбиешiнiң шеберлiгi, ар тазалығы, шәкiрт алдындағы адал жауапкершiлiгi.

әрбие үрдiсiнiң алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, iскерлiк, ұйымшылдық, құмарлык және әдiлеттi бағалау қатар жүруi шарт делiнген.

Қазiргi таңда адамзат ауасын жұтып, суын iшiп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тiршiлiк қамы, табиғи қажеттiлiк. Сондықтан да бүлдiршiндердi айналадағы табиғи ортамен үнемi қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазiргi тәрбие iсiнiң өзектi тармақтарының бiрi болып табылады.

Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесiмен, оған жүйелi бiлiм беру мәселесiмен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебi дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-бiлетiн, зерттейтiн, оны күтiп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!

ған әдебиеттер тiзiмi:

ғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.

Қалықбаева З.

ғат – тал бесiгiң. \\ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.

Қоқанбаева Р. И.

қ тәрбие беру. \\ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.

ғатқа ынтызарлық сезiмдi ояту. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.

Қонақбаева Р. Д.

қ тәрбиеге баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.

Қамақов Ә.

ң көркемдiк талғамын қалыптастыру. \\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.

ұмабекова Ф. И.

өркемдiк тәрбиенi ұйымдастыру ерекшелiктерi. \\ Бақшадағы көркемдiк тәрбие.

9. Құдашева Д. Т.

ң жан – дүниесiн әсемдiкке баулу. \\ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.

қ тәрбие негiзiнде баланың рухани жан дүниесiн дамыту. \\ Бiлiм беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.

қызы Ғ.

қшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы.\\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.

қызы А.

қшадағы экологиялық тәрбие арналары. \\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б.

ғынбаева Қ.

қ тәрбие. \\ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б.

Құлшанова С.

ғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6. 6 – 8б.

өбеева Н.

әне табиғат. \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б.